Данэлия Төлешова

Данэлия Төлешова BraVo жүлдесін иеленді

309
(Жаңартылды 19:10 12.03.2018)
Марапаттау рәсімінде Данэлия әйгілі француз әншісі Zaz-бен бірге "Je veux" әнін шырқады

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Қазақстандық Данэлия Төлешова Мәскеуде музыкалық BraVo жүлдесін иеленді. 

I халықаралық кәсіби BraVo музыкалық жүлдесін тапсыру салтанаты Кремльде өтті. 

Қазақстандық әнші қыз "Болашаққа көзқарас" аталымында жеңіске жетті. Концертте Төлешова әйгілі француз әншісі Zaz-бен бірге "Je veux" хитін шырқады.

"Тағы бір марапатқа ие болдым. Достар, жеңісімді сіздерге арнаймын! Мені әрқашан қолдап, демеу болған баршаңызға алғысым шексіз", — деп жазған Төлешова инстаграмдағы парақшасында. 

 

 


309
Кілт сөздер:
BraVo, жүлде, әнші, Zaz, Данэлия Төлешова
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

256
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

256
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

168
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

168
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Жайылымда жүрген сиырлар, архивтегі сурет

Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

0
Қазақстан азаматтары Моңғолия мен Қытайда обаның өршуіне байланысты алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Моңғолия мен Қытайда оба өршіді. Арнайы түсініктеме берген ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тарихи аумақ тұрғысынан алғанда Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы болып тұр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемде ірі қара обасының жағдайын қауіпсіз деп таныды. Барлық елдерде мұндай мәртебе бар",– деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

"Мемлекеттік ветеринарлық инспекция бірқатар бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ профилактикалық шаралар мен диагностикалық сынақтарды жүргізеді. Аурудың алғашқы белгісі анықталғаннан бері жағдай бақылауда",– деп түйіндеді Әбілқасымова.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

Бұған дейін Қытай билігі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында қойшының бубон обасымен ауырғаны туралы хабарлады. Ал Моңғолияда аталған ауруға күдіктенген үш жағдай анықталды.

Айта кетейік, бубон обасы бактериядан туындайды және антибиотиктермен тиімді емделеді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, Моңғолия
Тақырып бойынша
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Моңғолия президенті барлық зейнеткердің кредитін жауып берді
Ірі қара малдың 2 мың терісі тиелген жүк көлік Қырғызстан шекарасында тоқтатылды
Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?
Байқоңыр маңында оба анықталған жоқ