Мәдениет

Астанада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді

© SputnikБатырхан Шүкеновке арналған еске алу қабырғасы, Алматы
Батырхан Шүкеновке арналған еске алу қабырғасы, Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Батырхан Шүкенов 56 жасқа толар еді

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Бүгін елордада саналы ғұмырын өнерге арнап, өзіндік талантымен көпшіліктің есінде сақталған Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді.

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш қабырғасы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Жуырда марқұм Батырхан Шүкеновтің клипі жарыққа шығады

Әншіні ерекше құрметтеген жұртшылық орталық жағалау мен Арбат бойына жиылып, есті де ескі әндерді тыңдайды, деп хабарлайды 24 хабар. 

Батырхан Шөкенов "А-Студио" тобының негізін қалаған кезден бастап танылды.

Өнер ұжымының "Джулия", "Нелюбимая", "Солдат Любви" сынды әндері әлі күнге тыңдармандар жадында. Отандасымыздың жеке шығармашылығы да айрықша дәріптеледі. 15 жыл уақытта ол 6 бірдей музыкалық альбом шығарған. 

Жаңалықтар
0