Мәдениет

Астанада 1 мамыр қайда баруға болады?

© REUTERS / Shamil ZhumatovАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада үш күнге түрлі іс-шаралар жоспарланған

АСТАНА, 1 мамыр  — Sputnik. Қазақстан халқының бірлігі күні қаламыз мәдени, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар орталығына айналады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мереке күні Астана қаласы әкімдігінің "Наз" мемлекеттік би театры Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің бірегей ұлттық билерін ұсынады. Шара "Тәуелсіздік" алаңында сағат 11.00-де басталады.

Қазақстан халының бірлігі күні - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні

Концерттік бағдарламаны "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда Турецкий хорының "Праздник песни" ән кеші жалғастырады. Ерлер ұжымымен бірге сахна төрінде Турецкийдің SOPRANO әйелдер тобы өнер көрсетпек.

Одан басқа "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру және қол күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі.

Осы күні "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда "Достық шеруі" атты велошеру басталады. Шара елордада велосипед тебу маусымын ресми ашады. Сонымен қатар, домбырашылардың орындауында "Ұлы дала үні" атты флешмоб ұйымдастырылады. Шара барысында 500 адам Құрманғазының әйгілі "Сарыарқа" күйін көпшілік назарына ұсынады.

1 мамыр мерекесіне орай Бейбітшілік және келісім сарайында "Алтын Батыр" степ-тобы өз көрермендерін қуантпақ. Ал Қуыршақ театры өз көрермендеріне "Вместе мы одна страна" атты концерт ұсынады. 

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Золотой цыпленок" спектаклінің, ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ театрында "Қызыл алма" комедиясының тұсаукесері өтеді.

жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Сонымен қатар, Астана тұрғындары мен қонақтары  "Red Bus"  автобустарымен Астананың сол жағалауында тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "MEGA Silkway" сауда ойын-сауық орталығынан басталады.

Бұдан басқа, қаланың кітапханаларында, музейлерінде, театрларында және басқа да мәдениет мекемелерінде бірлік пен достық мерекесіне арналған тақырыптық көрмелер, спектакльдер мен концерттер өтеді.

2 мамыр Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры "Абылай ханның арманы" атты тарихи драмасын көрермен назарына ұсынады.

3 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі көрнекті қазақ композиторы, күйші Төлеген Момбековтың жүз жылдығына орай "Салтанат" атты концерт ұсынады. 


Жаңалықтар
0