Актриса Самал Еслямова

Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова туралы не білеміз?

610
(Жаңартылды 11:55 22.05.2018)
Актриса 1984 жылдың 1 қыркүйегінде Петропавлда туған. 2011 жылы Ресей театр өнері университетінің актер факультетін бітірген

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған болатын. Sputnik Қазақстан оның өмірбаянынан кейбір деректерді назарларыңызға ұсынады.  

Актриса жайлы ақпарат көп емес, белгілісі, Самал Еслямова 1984 жылдың 1 қыркүйегінде Петропавлда туған. 2011 жылы Ресей театр өнері университетінің актер факультетін бітірген.   

Екі картинада ойнаған: "Айка"фильмінен бөлек, 2008 жылы экранға шыққан "Тюльпан" фильмінде басты рөлді сомдады. Фильм Каннда "Ерекше көзқарас" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.  

Ол фильмнің де режиссері Сергей Дворцевой болды.  

Бұған дейін, қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн кинофестивалінде ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильміндегі рөлі үшін үздік актриса атанғаны хабарланды.   


610
Загрузка...