Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарық көрді

© Photo : Instagram Christy ChanДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайдағы I am a Singer-2017 конкурсында екінші орын иеленген Димаш бүкіл әлемге танылған болатын

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Screaming әніне алғашқы бейнебаянын шығарды.

Бейнебаянның толық нұсқасын әртістің YouTube-арнасынан тамашалауға болады. Кешеден бері видеоны сегіз мыңнан астам адам көрген.

Instagram-дағы парақшасында Димаш әннің композиторы Muhgal екенін айтты. Бұл автор Рианна, Ашер, Шакира, Ne-Yo сынды орындаушылардың әнін жазған болатын.

"Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ниеттемін", — деп жазды Димаш.

Айтпақшы, бүгін дарынды әншінің туған күні, ол 24 жасқа толады.

Жаңалықтар
0