Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген мен Денис Тен мұз айдынында бірге өнер көрсетеді

657
(Жаңартылды 18:47 19.07.2018)
9 маусым күні Астанадағы "Барыс Арена" мұз сарайында "Денис Тен және оның достары" атты шоу өтеді

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Астана қаласында өтетін "Денис және оның достары" атты шоу бағдарламада Денис Тен әнші Димаш Құдайбергеннен бірге өнер көрсетеді, деп хабарлады prosports.kz.

"Димаш екеуіміз Олимпиада кезінен бері жақсы араласып кеттік. Ол уақытқа дейін бір-бірімізді сырттай біліп жүрдік. Осылайша концепт ойлап тауып, ол менің Олимпиадамдағы бағдарламама арнайы ән жазды. Осы жолы мұз айдынында бірігіп өнер көрсететін боламыз. Бұл ешкімге де құпия емес. Олимпиадада пайдалана алмаған мүмкіндікті, осы жолы пайдаланатын боламын", — дейді мәнерлеп сырғанаушы.

9 маусым күні Астанадағы "Барыс Аренада" "Денис Тен және оның достары" атты қайталанбас шоу өтеді. Мұз сарайына бір мезетте 11,5 мың адам сыйып кететінін айта кеткен жөн. 

Денис Тен мұз шоуын 5 жыл бұрын құрған еді. Осы жылдар ішінде мәнерлеп сырғанаушының өнеріне қызығушылардың саны он мыңдаған адамға жетті. 


657
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген, Денис Тен
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Загрузка...