Мәдениет

Қазақстанда азанның дауысына шағымданатындар көбейген

© Sputnik / Болат Шайхинов"Нұр Астана" мешіті
Нұр Астана мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дін істер министрлігі мешіттердің басшылығын азанның дауысын реттеуге шақырды

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін қоғамдық ғимараттарды ұстауға арналған талаптарға сәйкестендіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын  жүргізіп жатыр. 

Астананың Сарыарқа ауданындағы жаңа мешіттің ашылуы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды

Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта мемлекеттік органға мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін реттеуге қатысты көптеген өтініш келіп түскен.   

Осы тұрғыда Дін істері комитеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Дін істері жөніндегі басқармаларымен бірлесіп, мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстауға және пайдалануға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын  жүргізіп жатыр.

Аталған талаптарға сәйкес, пәтерлердің бөлмелеріне шудың ену нормалары сағат таңғы 7.00-ден түнгі 23.00-ге дейін 55-тен 70 дБА (децибел), ал, сағат 23.00 ден 7.00-ге дейін  45-тен 60 дБА (децибел) болу қажеттігі көрсетілген. 

Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Жақияқажы Исмаилов - Sputnik Қазақстан
Астанада "Алланың гүлі" атанған мешітті кім салдырғаны белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұсынымдарын және азанның дыбыс ырғағын асырмауға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты мешіттердің басшылығын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың нормаларын сақтауға және тұрғындарды егер олардың әрекеті қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, діни рәсімдерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.


Жаңалықтар
0