Максим Акбаров , Санжар Мәди және Артур Төлепов

Қазақстанның ең келбетті 10 актері

1485
(Жаңартылды 16:36 22.08.2018)
Не десек те, адамның сырт келбеті өмірде де, кинода да ерекше маңызды

АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Sputnik халықтың жүрегін жаулап алған Қазақстанның ең әдемі актерлерінің топтамасын жасады. Олардың әрқайсысы көрермен көзайымы болған.

Асанәлі Әшімов 

1937 жылы 8 мамырда дүниеге келген. "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Сіз кімсіз, Ка мырза?" сынды көптеген фильмде басты рөлді сомдап, кең танымалдыққа ие болған. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының сахнасында еңбек еткен жылдары 50-ден астам рөлде ойнады.

Асанәлі Әшімов Астанадағы Еуразия кинофестивалінің қызыл кілемінде
© Sputnik / Айгөзел Қадыр
Асанәлі Әшімов Астанадағы "Еуразия" кинофестивалінің қызыл кілемінде

Арыстан Мырзагереев

1987 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Бұл сырбаз жігіт актерлік мансабын 2010 жылы бастады. "Рывок" фильмінде батыл спортшының рөлімен халыққа танылған. Сонымен бірге, "Жаным" телехикаясында басты кейіпкерлердің бірі болды.

Саят Исембаев 

1975 жылы 14 қазанда дүниеге келген. "Рэкетирде" басты рөлді сомдап, көпшілікке танылды. 2005 жылы осы фильмнің жалғасы түсірілді. 

"Әркім голгофқа шығады", "Десант", "Қызғылт қоян туралы ертегі" фильмдеріне түсіп, "Ағайындылар", "Құрбылар" телехикаяларында әртүрлі рөлдерде ойнаған.

Санжар Мәдиев

1986 жылы 4 тамызда дүниеге келді. Бұл жігіт талай арудың арманына айналған. Орда бұзар жастан енді асса да, 10-нан астам кинокартинаға түсіп үлгерді. Шетелдік фильмдері де бар, ханнан бастап нашақорға дейін неше түрлі рөлдерді сомдаған. "Елки 2" және "Қызғылт қоян туралы ертегі" фильмдерінен кейін ерекше танымалдыққа ие болды.

Актер Санжар Мәдиев
© Photo : Орталық коммуникациялар қызметі
Актер Санжар Мәдиев

Баходир Джалметов

1963 жылы 7 қаңтарда өмірге келген. Кәсіпқой каскадер және қазақтың келбетті актері. Каскадерлер арасында әлем чемпионы. "Көшпенді", "Уран тайфуны" фильмдерінде ойнаған.

Берік Айтжанов 

1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. Қазіргі заманғы секс-символ. Мансабында әртүрлі фильмдерде 15-тен астам рөл сомдаған. "Ликвидатор" фильмі шыққан соң, айрықша танымалдыққа ие болды.

Нұрлан Әлімжанов 

1984 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, табысты әрі сымбатты театр және кино актері. "Ағайындылар" телехикаясы шыққан бойда қыздардың көбі оған ғашық болған еді. Бірақ ең бір айшықты рөлі "Елбасы жолы" картинасында президентті сомдауы болды.

Дастан Оразбеков

1982 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. Алғаш рет "Астана – махаббатым менің!" толықметражды телехикаясында жағымсыз кейіпкерді сомдап, сыншылардың оң пікірін алды. Кейін "Период" телехикаясына түсті. "Орда" тобының әншісі, нағыз сері жігіт.

http://t.co/Agi8ZPwwhk Друзья,прошу вашего внимания!!! Новое видео) в надежде что понравиться 😴

Дастен Шәкіров

1987 жылы 27 қыркүйекте өмірге келген. Қазақстанның ең келбетті актерлерінің бірі. Алғаш рет "Жаным" телехикаясына түсіп, кейін бірнеше фильмде рөлдерді сомдады: "Параллельные миры", "Вопреки всему". Қазақстанның аруларының жүрегін жаулаған Дастен қазір ең сұранысқа ие актер болып саналады.

Тұңғышбай Жаманқұлов

1948 жылы 2 қазанда дүниеге келген. 1992 жылдан бері Қазақстанның халық әртісі. "Қазақфильм" киностудиясының 20-дан астам фильміне түскен. Ең танымал рөлдері — "Қан мен тер", "Абай", "Көшпенділер", "Нева шайқасы" фильмдерінде.

Актер Тұңғышбай Жаманқұловтың архивтегі фотосы
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Актер Тұңғышбай Жаманқұловтың архивтегі фотосы

1485
Кілт сөздер:
Ағайындылар, Рэкетир, Атаманның ақыры, кино саласы, ең келбетті актерлер, Тұңғышбай Жаманқұлов, Дастен Шәкіров, Дастан Оразбеков, Нұрлан Әлімжанов, Берік Айтжанов, Баходир Джалметов, Санжар Мәдиев, Саят Исембаев, Арыстан Мырзагереев, Асанәлі Әшімов, Қазақстан
Тақырып бойынша
Кино көрудің үкімі қандай?
Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіреді
Мұхамедиұлы: Қазақстан Қытайдың кино нарығына шықпақшы
Джеки Чан кино өнеріне қосқан үлесі үшін "Оскар" сыйлығына ие болды
Загрузка...