Сәкен Майғазиев

Майғазиев 5 миллион теңгесін неге қайырымдылыққа жұмсағанын түсіндірді

1022
(Жаңартылды 18:45 24.08.2018)
Әнші бұл ақшаны танымал компанияның таныстырушысы болғаны үшін алған

АСТАНА, 23 тамыз  Sputnik. Жуырда отандық журналистердің бірі өзінің Instagram парақшасында Сәкен Майғазиевтің гонорар ретінде алған 5 млн теңгесін қайырымдылыққа бергенін жазды. Әншінің өзі бұл жайтты жасырса да, журналист жазбаны бұл туралы барша Қазақстан білуі тиіс деген ниетпен жариялағанын түсіндірді. Кейін журналистің бұл сөздерін әншінің өзі де растап, көп ақшаның өзіне қайдан келгенін түсіндірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Әнші бұл соманы Қазақстандағы беделді компанияның таныстырушысына айналғандықтан алған.

"Журналист қарындасымның бұл оқиғаны өз парақшасында бөлісіп, кейін жариялағаны үшін кешірім сұрағаны бар. Ол "Аға, жариялағаныма ренжімеңіз, одан сіздің сауабыңызды Алла қаласа кемітпес, іштегі ниетіңіз белгілі ғой. Мүмкін бұл әрекетіңізбен басқа адамдардың жақсы ісіне себепші боларсыз" деп айтты маған",  деп Сәкен Майғазиев мұны жұртқа жария еткісі келмегені туралы жазды.

Әрі қарай жұлдыз мұны дәулеті асып-тасығаннан жасамағанын, өзінің де жақындары материалдық құндылықтарға мұқтаж екенін жеткізді.

Василий Уткин еңбекақысын қайда жұмсайды?

"Несиесі бар туыстарым да бар. Яғни ешкімнің төрт қабырғасы түгел емес. Аға-әпке, іні-қарындастарым да қиналып жүр. Десе де, біздің әулетімізден де нашар өмір сүріп жатқан қаншама отбасы бар. Сол адамдарға септігім тигенін қаладым",  деп сөзін жалғады әнші.

Десе де, Майғазиев әлеуметтік желіде кез келген адамға көмек қолын соза бермейтінін жеткізді. Көмек туралы өтінішті жарнамаламас бұрын әбден ойланады екен.

"Жарнама жасап беру жөнінде қандай ұсыныс түссе де, жеті рет өлшеп бір рет кесуге тырысамын. Өзім жетік білмейтін, күмәнды дүниелерге мүлдем жоламаймын. Мен үшін мені оқып отырған оқырмандарымның сенімі әлдеқайда қымбат. Шынымен халыққа пайдалы дүние болса, кейде қолдау көрсетіп, ешкім сұрамаса да жарнамалап жатамын өзім-ақ",  деді ол.

1022
Кілт сөздер:
көмек, Алла, сауап, қайырымдылық, әнші, Сәкен Майғазиев
Тақырып бойынша
"Артық әңгімені қойыңыздар!": Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды
Мешіттер түскен садақа мен қайырымдылық көмек туралы есеп беруге міндеттеледі
Олимпиада чемпиондары Атырауда өтетін қайырымдылық велошеруіне қатысады
Танымал опера әншісі Астанада қайырымдылық шоуын өткізеді
Имамдардың жалақысы мәселесін шешу үшін арнайы қайырымдылық қоры құрылды
Алматы мешітінде қайырымдылық төлемдерін қабылдайтын терминалдар орнатылды
Қазақстандықтар көбірек қайырымдылық жасай бастады
Кадыров қайырымдылық жасаушыларға арналған қазақстандық сыйлыққа ұсынылды
Загрузка...