Димаштың музыкалық клипінен кадр

Димаш қытай қызымен сүйісіп, жанкүйерлерін қызғандырып қойды

2891
(Жаңартылды 19:38 17.09.2018)
Димаш бейнебаянда сүйіктісін сырқатынан айықтыру үшін қолынан келгеннің бәрін істейтін күйеу жігіттің рөлін сомдады

АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik.  Белгілі әнші Димаш Құдайберген бейнебаянда қытай қызымен сүйісіп, қазақстандық жанкүйерлерін қызғандырып қойды.  

Бірнеше күн бұрын Димаш Instagram-дағы парақшасында өзі ойнаған бейнебаянның тизерін жариялады.  

20 минуттық видеода жас орындаушы ержүректер клубына қатысушының образын жасаған. Видео кейіпкері сүйіктісінің еміне қажетті ақшаны табу үшін жанқиярлық әрекеттерге барады.     

 

 

Әсерлі видеода көрермендер бас кейіпкердің уайым-қайғысынан бөлек, махаббат хикаясына да куә болады. Клиптің соңында  Димаш Құдайберген күйеу жігіттің образына енеді.  

Әншінің қазақстандық фанаттары қытай режиссерінің Димаш ойнаған жаңа туындысын қызу талқыға салды.  

Отандастары Димаш қытай қызына ғашық болып қалып, өзге елге біржола қоныс аударады деп алаңдайды. 

"Димаш таяуда қытай қызына үйленіп, азаматтығын ауыстырады. Бұған мұндай адамдарды бағаламайтын біздің ел кінәлі", — деп жазды әртістің Айнұр атты тыңдарманы.  

"Қазақстанда өнерді ешкім жете бағаламайды. Карьерасын жасап, өзін жетілдіре берсін. Бастысы, ұлттық кодыңды ұмытпа", — деп кеңес берді meirembekoff есімді қолданушы. 

Клиптен бөлек, видеода түсіру процесінің кадрлары бар. Онда Димаш қазақ тілінде сөйлегені, сүйісетін кезде ұялып тұрғаны байқалады.

24 жастағы Димаш Құдайбереген Қытайда өткен I am a Singer-2017 конкурсының финалында екінші орын иеленіп, бүкіл әлемге танылды.

 


2891
Кілт сөздер:
қытай қызы, клип, видео, Димаш Құдайберген, Қытай, Қазақстан
Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (74)
Тақырып бойынша
Димаш: Мәскеуде концерт беруді армандап жүрмін
Димаш ата-анасын ерекше тосынсыймен қуантты
Димаш Игорь Крутой және Лолитамен түскен видеосын жариялады
Әнші Димаш Құдайберген кәсіпкерлікке бет бұрды
Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?
Загрузка...