Арыстанбек Мұхамедиұлы

"Мазаланбай-ақ қойыңыз". Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақынға ашуланды

1651
(Жаңартылды 19:54 09.10.2018)
Ақын Әсия Беркенова өз кезегінде журналиске көмектескісі келгенін айтып ақталды

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. "Мен жақсы түсініп тұрмын. Сіз мазаланбай-ақ қойыңыз. Журналистер менің не туралы айтып жатқанымды жақсы біледі". Осылай деп ашуланды ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақын Әсия Беркеноваға, деп хабарлайды тілшісі. 

Министр өзінен журналистің сауалына тура жауап беруді өтінген ақынға ашуланды. Баспасөз конференциясына келген журналистердің бірі министрден 20-21 қазан күндері Қазақстанда өтетін халықаралық айтысты кімнің қаржыландыратынын сұраған-ды.

"Жүлде қорында бас жүлдеге 5 миллион теңге, бірінші орынға 2,5 миллион теңге, үшінші орынға миллион теңге тағайындап отырмыз. Сонымен бірге қолдау ретінде тағы да 350 мыңнан жүлде бар. Мен сізге тағы айтайын, Астана мерейтойының жиырма жылдығына қатысты баяғыда сіздерге бір сенатор дұрыс айтпады. Ол "Астананың мерейтойын 5-6 шілдеде ғана атап өтеміз" деген болатын. Бұл — бір жылға ұласатын мереке. Бүкіл спорт шарасы, жазушылардың үлкен конгресі осы мерекеге орай ұйымдастырылып отыр. Енді ақындар айтысы өтпек. Бәрі Астананың 20 жылдығы аясындағы мереке", — деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жыр арқауы — Астана" атты халықаралық ақындар айтысына арналған баспасөз конференциясы барысында.

Министрдің сөзін "Кім қаржыландырады?" дейді. Соны сұрап жатыр" деп жанында отырған ақын Әсия Беркенова бөлді.

"Мен жақсы түсініп жатырмын. Сіз мазаланбай-ақ қойыңыз. Журналистер менің не туралы айтқанымды жақсы түсініп отыр. Бұл кісілер менің не үшін кішкене қаттырақ айтқанымды да біледі. Бәрі басында "20 жылдыққа осыншама ақша бөлген екен" деп шулаған. Қателесіп "5-6 шілде ғана тойланады" деп айтылды. Бұл бір жыл бойы өтетін шаралар. Соның ішінде енді халықаралық ақындар айтысы өтейін деп отыр. (…) Сіз (Әсия Беркеноваға — Sputnik) маған кішкене онша түсінбейтін сияқты қарайсыз ғой деймін", — деп ашуланды министр.

Ақын өз кезегінде журналиске сауалына жауап алуға көмектескісі келгенін айтып ақталды.

1651
Кілт сөздер:
мәдениет, журналист, ақын, айтыс, спорт, Қазақстан
Тақырып бойынша
Арыстанбек Мұхамедиұлы жұртты тағы қалай таңғалдырып жүр?
Мұхамедиұлы: бес жыл бойы демалыс алған жоқпын
Мұхамедиұлы "Рухани Жаңғыру" логотипі туралы: ұялатын ештеңе жоқ
Мұхамедиұлы үкімет отырысында әріптестерін бір күлдіріп алды
Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптаулар жөнінде: соттасқым келмейді, бірақ амал жоқ
Армениядағы митингтерден кейін алты министр отставкаға кетті
Министр Қасымовқа тұрғындар ыңғайсыз сұрақтар қойып, әбден састырды
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

294
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

294
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

180
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

180
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты