Ұлытау

"Бас жарып, көз шығару емес". Жүрсін Ерман айтыстың негізгі мақсатын түсіндірді

682
(Жаңартылды 17:54 09.10.2018)
20-21 қазан аралығында Астана қаласында халықаралық айтыс өтеді

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Айтыстың мақсаты бас шағып, көз шығару немесе біреуді жамандау емес. Керісінше еліміздің абыройын көтеріп, жақсы жаңалықтарымыз бен жетістіктерімізді жеткізу. Осылай деп пікір білдірді Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман ҚР мәдениет және спорт министрлігінде өткен конференция барысында, деп хабарлайды тілшісі. 

2018 жылы 20-21 қазан аралығында "Қазақстан" орталық концерт залында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен елорданың 20 жылдығына арналған "Жыр арқауы — Астана" атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Осы орайда Жүрсін Ерман айтыстың басты мақсаты біреуді жамандау еместігіне тоқталды.

"Айтыстың мақсаты — бас шағып, көз шығару немесе біреуді жамандау емес. Қайта-қайта осы еліміздің абыройын көтеріп, жақсы жаңалықтарымызбен, сондай-ақ, жетістіктерімізбен бөлісу. Ақындар алаңдатып отырған мәселелер мен құбылыстарды жырлайды", — деді Жүрсін Ерман.

Әрі қарай қоғам қайраткері аталған халықаралық айтысқа Қазақстанның атынан қай ақындардың қатысатынына тоқталды.

"Жыл басынан бері әртүрлі аймақта өткен айтыстарда ақындардың бабын байқадық. Солардың ішінен суырылып шығып Астананың 20 жылдығын жырлай алады деген ақындарды таңдауға тырыстық. Сондай-ақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінен айтыскерлердің қатысқанын қаладық. Мысалы, күні кеше Қостанай қаласында өткен айтыста бас жүлде алған Мұхтар Ниязов қатысқалы отыр. Халықаралық деңгейдегі сайыс болғандықтан, жастарымыз да қатыссын деген ниетпен үш ақынға сенім артып, бәйгеге қосып отырмыз", — деді Жүрсін Ерман.

Іс-шараға Қытай Халық республикасынан Минатхан Ұларбек, Дәулетқызы Жәмиға, Моңғолиядан Рашат Айдос пен Қуантқан Аманжол, Қырғыз Республикасынан Асылбек Маратов, Усупбек Уулу Мундузбек сынды шетелдік саңлақ ақындар мен республикамыздың облыстық және республикалық маңызы зор қалалық айтыстардың жеңімпаздары Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Серік Қойшығұлов, Біржан Байтуов, Мұхтар Ниязов және т.б.-лар қатысады.

Әділқазы мүшелері — ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Абдулвахап Кара, белгілі ақын, жазушы Шынай Рахметұлы, айтыс ақыны Әсия Айыпқызы.

Бас жүлдеге — 5 000 000 теңге, І орынға — 2 500 000 теңге, ІІ орынға — 2 000 000 теңгеден 2 адамға, ІІІ орын — 1 000 000 теңгеден 2 адамға беріледі. Сондай-ақ, 350 мың теңгеден жұбаныш сыйлықтар үлестіріледі.

682
Кілт сөздер:
жеңімпаздар, бас жүлде, қазан, ақын, айтыс, Қостанай
Тақырып бойынша
Жүрсін Ерман Елбасыға: айтыс ақындарының арқасынан қағып қойсаңыздар
Қырғызстанның мәдениет министрі дүниеден озды
Мәдениет министрлігі Роза Рымбаеваның мәлімдемесіне қатысты жауап берді
Мәдениет министрі: Назарбаевтың президент болып қала бергенін тілейміз
Мәдениет министрі атышулы Байзақованың жазбаларын оқи ма?
Мәдениет министрінен уақытша қызметтен кетуін сұрады
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өсе ме? Мәжілісте еңбекақы мәселесі талқыланды
Рухани Жаңғыру

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын өзгеріс күтіп тұр

32
(Жаңартылды 13:46 13.08.2020)
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жаңа жағдайға бейімделетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов "Рухани жаңғыру" бағдарламасы заман талабына сай өзгертілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Егер біз санамыздағы пайдасыз қағидаттар мен қажетсіз әдеттерден, тіл мен ділдің қадірсіздігінен, талғамсыз салт пен дарақы дәстүрден дер кезінде арылмасақ, жаңа әлемнің өркениетті жетістіктерінен үмітіміз де аз. Сол себепті қазіргі таңда министрліктің алдында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жаңа жағдайға бейімдейтін бірқатар міндет тұр", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың тапсырмасын орындамаған шенеунік сөз естіді

Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, қазақстандықтардың қазіргі заманғы сын-талаптарына төтеп бере алатын және жеке кәсіби қасиеттерін дамытатын іс-шараларға басымдық беріледі. Осыған орай, бірнеше арнайы жобаның нобайы әзірленді.

"Мәселен, прагматикалық өмір салтын дәріптейтін жоба бар. Бұдан бөлек, ізгілік және тәрбие құндылықтары тұрғысынан өзекті болып отырған "Дәстүр мен ғұрып", елдің құқықтық мәдениетін ашатын "Құқықтық мәдениет", еңбекқорлыққа шақыратын және масылдықтан бас тартуға үндейтін "Еңбек – елдің мұраты" деген бастамалар бар. Әрине, олардың қамтитын тақырыптық шеңбері атауынан әлдеқайда кең", - деп атап өтті Тілепов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа жобалар аясында өскелең ұрпақтың мінезін қалыптастыру, эстетикалық талғамға баулу, тағамтану мәдениетінен бастап музыка мен театр сияқты терең дүниелерді қабылдау, азаматтардың қарапайым құқықтарын қорғай білуі, кәсіп жасау сияқты мәселелер де қамтылады.

"Оған өткенде ел президенті айтқан қоғамның экологиялық сауатын ашу және экомәдениетін көтеру мәселесі де кіреді. Сосын кітап сүйер ұлтты қалыптастыру, әсіресе, мектеп жасындағы балаларды кітап оқуға баулудың маңызы зор", - дейді Тілепов.

32
Кілт сөздер:
өзгерістер, Рухани жаңғыру
Тақырып бойынша
Ақпарат министрі "Рухани жаңғыру" логотипі туралы: құстардың бәрі бір-біріне ұқсайды
"Рухани жаңғыру" ұрлықтан басталғаны ма немесе министрлік гонорарға 50 мың теңге таппаған
Оралда дүлей жел талдарды құлатып, "Рухани жаңғыру" деген жазуды қиратты
Абаев: "Рухани жаңғыру" эмблемасы туралы жайтқа кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ
Маржан Арапбаева

"Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды?": Маржан Арапбаева ренішін жеткізді

1902
(Жаңартылды 16:32 12.08.2020)
Ресейдің әншілері секілді күреп ақша тауып жатқан жоқпыз, салыстырмалы түрде алатынымыз тиын ғана, дейді Маржан Арапбаева

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Маржан Арапбаева осы уақытқа дейін ешкімнің көлік сыйлап, бейнебаян түсіруге демеуші болмағанын айтты. Оған өзінің сыртқы келбеті мен ер адамға ұқсайтын мінезі себеп болды деп санайды. Әнші Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында карантин кезіндегі әртістердің табысы мен 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған әріптестері жайлы ойын айтты.

Маржан Арапбаеваға осы уақытқа дейін ешқандай мемлекеттік қызметке ұсыныс түспеген. Өзі де саяси оқиғаларға қатысуға ұмтылмапты. Әнін айтып жүрген нағыз шығармашылық адамы.

"Осы жолды бастаған кезде аға-көкенің көзіне көрініп қалайыншы деп ойламадым. Ер мінездімін. Талай жыл Көктөбеде, Алмаарасанда жұмыс істедім, ән айттым. Сол арқылы халықаралық байқауларға бардым, жол ақымды солай таптым. Осы уақытқа дейін ешкім маған көлік сыйлап немесе бейнебаян түсіруге демеуші болған емес. Осыны достарыма үнемі күліп айтып отырамын. Мүмкін сұлу болмаған шығармын, аяғы ұзын модель болмағанымнан да болар", - дейді Арапбаева.

Әртістер ақшаны емес, сахнаны сағынды

Әнші барлық әріптесі секілді карантин уақытында шығармашылығының тоқтап тұрғанын айтты.  

"Әдетте мақсат қойып, қандай да сәулеге жету үшін бір үміт болатын болса, карантин кезінде ненің қашан аяқталатынын, ертең не болатынын білмей қалдық. Жалпылама айтқанда, тоқтап қалдым. Екі ән жаздырдым. "Чемпионсың сен" әнінің орнына "мына заман қалай болды?", "енді не болады?" деген ән жаздырсам болатын еді, бірақ көңілді жүргенді жақсы көремін", - дейді ол.

Айтуынша, әнші көктемде карантин басталмай тұрып жеке концертіне қызу дайындалып, сақадай сай отырған. Енді ол елдегі жағдай жақсарып, концерттер өткізуге рұқсат берілген кезде тыңдармандарын бір жерге жинайтынын айтты.

"Наурызда режиссермен келісіп, ол кісіні шетелден арнайы шақыртып, репертуардың барлығын нақтылап, концерт өткізетін залды таңдап, дайындыққа кіріскен кезде карантин басталды. Сәуірде өтеді деп жоспарланған концерт тоқтады. Енді, әрине, карантин аяқталған соң жеке концертімді өткіземін. Бірақ ол үшін барлығы 100% аяқталуы керек, ешқандай шектеу қойылмай, көпшілік жерге баруға рұқсат берілгеннен кейін ғана осы іске қайта кірісемін", - дейді әнші.

"Тегін дүние жоқ": Бағлан Әбдірайымов ашық сұхбат берді

Арапбаева карантин кезінде әріптестерінің өмірін әлеуметтік желі арқылы бақылап отырғанын, алайда әншілер болып кездесіп, жиналыс жасап, пікір алмаспағандарын жеткізді.

"Әркім өз өмірін сүріп жатыр. Бәрінің өмірін әлеуметтік желі арқылы көріп отырамыз. Өнер адамына сахна керек. Той, концерт тоқтап қалды. Меніңше, өнер адамдарының, әртістердің ақшадан гөрі сахнаға деген сағынышы басым болып отыр. Біз осы уақытқа дейін тек көрерменнің көңілінен шығу үшін жұмыс істеп келдік. Оның барлығы тоқтап қалғаннан кейін, қаржы жағынан гөрі моральды тұрғыдан әншілердің еңсесі түсіп отыр", - дейді ол.

Айтуынша, өнер адамдарының арасында той-томалақ, айлыққа қарап отыратын жас әншілер де бар. Тіпті кредит алып, соңғы ақшасына бейнебаян түсіргені де жетерлік.

"Тойдың табысынан күн көріп жүргендер қиналып қалды, ал белсенді жұмыс істеген әртістердің қалай болғанда да жиған-терген қаражаты бар деп ойлаймын", - дейді Арапбаева.

Әншіге 42 500 теңге көмек керек пе?

"Әншілерге неге 42 500 теңге көмек алмасқа?! Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды? Олардың арасында бизнес ашамын деп кредиттен көз аша алмай жүргендер де бар. Шыны керек, жеке шығармашылық концерт берген кезде де табыс таппаймыз, керісінше қарызға кіріп кетеміз. Пайданы тек тойдан көреміз", - дейді әнші.

Сұхбат барысында әнші әріптестерінің басты қателігін атады. Айтуынша, әншілердің әлеуметтік желідегі өмірі көп адамның ашуына тиеді. Алайда бұл да осы саланың бір бөлігі.

"Әртістер адамдардың өмірін гүлдендіретін кісілер. Адамдар қатыгез болып барады. Әнші өлең айтпайтын болса, құрылысшы үй салмасын. Бұл жерде соны түсіну керек, әркімнің өз жұмысы бар. Әншілердің бір қателігі – барлығын әлеуметтік желіде жариялап отыруы. Бір жерде демалып жүргені, әдемі киім кигені көп адамның ашуына тиюі мүмкін. Бірақ ол да әртістің жұмысының бір бөлігі. Бүкіл әлемде солай жұмыс істейді. Шынын айтсақ, бәрі – "показуха", - дейді ол.

Соған қарамастан өнерге, шығармашылыққа келетін адамдар саны азаймайтынына сенімді. Айтуынша, бойында өнері бар адам оны көрсеткісі келеді. Ал оған карантин де кедергі бола алмайды.

Шоу-бизнесте мықтылар ғана қалады

Сұхбат барысында әнші өнер жолында жақын достарының жоқ екенін айтты. Оған қандай да бір оқиғаның себеп болғанын да жасырмады, алайда әріптесін қаралап, әрекетін әшкерелеуге бармайтынын жеткізді.

"Қандай да бір уақытқа дейін өнер жолында жақын достарым бар деп ойлайтынмын. Алайда өмірде болатын кей келеңсіз жағдайға байланысты бұл ойымнан айныдым. Арада бәсекелестік болады, ол да ара-тұра іс-әрекетінен көрініп қалады. Алайда бұған ешкім кінәлі емес, себебі бұл – шоу-бизнес, бұл жерде мықтылар ғана тіршілігін жалғастырады. Мұны жай ғана әдеттегі бәсекелестік деп қабылдаймын", - дейді ол.

Айтуынша, Арапбаеваның достарының көп бөлігі өнерге қатысы жоқ адамдар. Ал әншілердің арасында Мәдина Сәдуақасова, Әлішер Кәрімов, Тамара Асармен өте жақын қарым-қатынаста. Соған қарамастан, әнші достарының да, әріптестерінің де әнін тыңдамайды. Тіпті кейде өзі түскен бағдарламаларды жарты жыл өткен соң ғана қарайды.

"Ешкімнің әнін тыңдамаймын. Өзім дос көретін Әлішерді де, Мәдинаның да әндерін тыңдамаймын. Тіпті өз әнімді тыңдай алмаймын. Біреу менің әнімді қосып жатса, бірден "өшірші" деп айтамын. Өзімді теледидардан көре алмаймын, үнемі мін іздеп тұрамын", - дейді ол.

Арамызда "халтурщиктер" де бар

"Әншілерді сынап, дөрекі сөз айтуды қате тірлік деп санаймын. Себебі біз адал еңбек етіп, адал нан тауып жүрміз. Ресейдің әншілері секілді күреп ақша тауып жатқан жоқпыз, салыстырмалы түрде алатынымыз тиын ғана. Бір ән, бір киім – бәрі ақша. Жақсы қалыпты сақтауға қаншама еңбек кетеді. Бірақ арамызда "халтурщиктер" де бар. Оны да жасырмаймын. Ондай адамдар әр салада бар. Сол себепті барлығына бірдей топырақ шашуға болмайды", - дейді әнші.

Сондай-ақ, әншілерді тойдан пайдан тауып жүр деп айтудан жалықпайтындарға жауап берді.

"Тойдан тауып жатыр", "халықтың арқасында көтеріліп жатыр" деп жатады. Иә, рас, халық қолдамаса, қайдан өсеміз?! Бәрінің айтатыны той. Тойға шықпасын десе, онда мемлекет бізге қандай да бір айлық төлесін. Концерттеріңді беріңдер, мынау сендердің жалақыларың деп отырсын", - дейді Арапбаева.

Ал осындай өзгеріс енгізіліп жатса, жанды дауыста ән салатын әншілер мен репертуарын, образын жаңартып отыратын әртістер бірінші қатарда тұруы керек деп санайды.

1902
Кілт сөздер:
әншілер, Маржан Арапбаева
Тақырып бойынша
"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты
"Бәріміз өлеміз" деген әнші Кенталды полиция ұстап әкетті – видео
Айдар Тұрғамбек жағымды жаңалығын бөлісті
"Қалай құдайдан қорықпайды?": Әбілдина кімге сенуге болмайтынын айтты
Қазақстан тап болған қиыншылықтарға арналған: Димаштың жаңа бейнебаяны шықты
Архивтегі фото

Қостанайда жас қызға анайы ұсыныс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

0
(Жаңартылды 15:10 13.08.2020)
Қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Қостанайда полиция жас қызға тиіскен белгісіз ер адамды іздеп жатыр. Қала тұрғындары WhatsApp арқылы күдіктінің фотосын таратып, сақ болуды сұрады, деп хабарлады өңірлік "Алау" басылымы.

Басылымның хабарлауынша, қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған.   

"Оқиға қаланың дәл орталығында болды. Шамамен 13 жастағы қызбен сөйлескен ер адамды байқап қалдық. Сырт көзге әдеттегі жағдай сияқты көрінді, алайда әйелім бұл жерде шикілік бар екенін байқады. Жанына жақын барып тоқтадық, ер адамның қызға сұлу екенін айтып, өзін сүюін сұрағанын естідік. Мен бірден қыздың жанына барып, ер адам жайлы сұрадым. Қыз оны танымайтынын айтты. Сосын оны бірден қуып жібердім, - дейді оқиға куәгері болған ер адам.

Қостанай облысының полиция департаменті қазіргі уақытта барлық жеке құрам осы ер адамды іздестіріп жатқанын хабарлады.

"Полиция бұл адамды тауып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бағдар полиция жасағына жіберілді", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Оралда оқушының соңынан үйге кірген қаскөй күтпеген жағдайға тап болды - видео

Құқық қорғаушылар облыс орталығының тұрғындарынан осындай оқиғаның куәгері болып жатса, бірден 102 нөміріне хабарласуын сұрады. 

0
Кілт сөздер:
педофил, Қостанай
Тақырып бойынша
Әкесі 13 жасар қызына тиіскен ер адамды жұрттың көзінше піштірді
Атырауда балаға қол жүгірткен ер адам ұсталды – видео
Алматы облысында қыз балаға қол жүгірткен жігіт табылды
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты