Димаш Құдайберген

Димаш Ұлыбританиядағы концерттен түскен қаржыны қайда жұмсайтынын айтты

1912
19 қараша күні Ұлыбританияның Лондон қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші өтеді

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Димаш Құдайберген Ұлыбританияда өтетін концертінен түскен қаражатты қазақстандық балалардың халықаралық маңызды байқауларға қатысуы үшін жұмсамақ. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Танымал әнші Димаш Құдайберген Лондон қаласында өткен концерттен түскен қаржыны қайда жұмсайтынын айтты.

"Қымбатты достар! Уәде етілгендей, мен сіздерге Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында 19 қараша күні Лондонда қайырымдылық мақсатта өтетін концертім жөнінде ақпарат беремін. Коммерциялық емес концерттің ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі. Шара Ұлыбританидағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен өтеді. Жиналған барлық қаражат Қазақстанның жас таланттарын халықаралық маңызды байқауларға қатыстыруды қолдау үшін жұмсалады", — деді ол.

Сондай-ақ, әнші концерт өтетін Royal Festival Hall мекемесінің тіркеу жүргізумен айналыспайтынын айтып өтті. Сөз соңында барша жанкүйеріне алғыс айтып, олармен 19 қараша күні концертте жүздесетінін айтты.

Желі қолданушылары өз кезектерінде Димаш Құдайбергеннің бұл шешімін толықтай қолдайтындарын жазып, оған ақ тілектерін жаудырды.

1912
Кілт сөздер:
байқау, талант, қайырымдылық, концерт, әнші, Димаш Құдайберген, Лондон, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Димаш Қытайда жанкүйерлерін тағы бір талантымен таңғалдырды – видео
"Махаббат шексіз сезім". Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін түсіндірді
Димаш ата-анасын ерекше тосынсыймен қуантты
Димаш Құдайберген Ресейдің танымал әншісін қалай гүлсіз қалдырды?
Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Димаштың ата-анасы келіндері туралы айтты
Димаштың әкесі сүйінші сұрады
Загрузка...