Төреғали Төреәлі ойнаған Ұлы дала комедиясы фильмінің премьерасы

Төреғали Төреәлі шу туралы: жұрттың тірлігі маған келгенде жаңалық болып кетеді

911
(Жаңартылды 18:41 26.10.2018)
Әнші бір кездері айтыстан кетуге мәжбүр болғанын айтты

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі неліктен жиі дау-дамайдың ортасында жүретінін түсіндірді. Айтуынша, мұның барлығы қалыпты нәрсе, тек халық оны өзіне келгенде жаңалық ретінде қабылдайды.

Танымал әнші соңғы уақытта дау-дамайдың ортасында жүруден шаршағанын жеткізді. Тіпті, өзіне назар аудармайтын күн болуын аңсап жүргенін жасырмады.

"Маған мән бермейтін кез болса екен. "Қит еткені, хит болады" демекші, күнде азанда тұрған кезде бір жаңалық болып жатады. Бірнәрсе жасаған болып шығасың. Әдетте бүкіл адам жасап жүрген тірлік маған келген кезде жаңалық болып кетеді", — деді ол Қазақстан арнасының "Түнгі студия" бағдарламасында.

Әрі қарай Төреғали Төреәлі айтыстан кетуге мәжбүр болғанын айтты. Сондай-ақ, комедия жанрында фильм түсіруіне не түрткі болғанын түсіндірді. Айтуынша, кино түсіруді бала күнінен армандаған. Ал есейген шақта көп уақытын айтысқа арнайтындықтан бұған уақыты болмаған.

Тағы оқыңыз:

"Кино түсіру деген идеяның келіп қойғанына сан ғасырлар болған шығар. Бала күнімнен әртүрлі жанрдағы фильмдер түсіруді армандап келдім. Актерлік шеберлік мамандығында оқып жүргенімде, айтыста жұлдызым жанып тұрды. Ол кезде от едім ғой. Осы уақыт ішінде өзімнің мамандығым бойынша жұмыс істеуге мүмкіншілік болмады. Десе де, Құдай бір жағынан бермесе де, екінші жағынан беріп тұрды. Айтыс кезінде оппозиция көп болып, жайлап ығысуымызға тура келді. Ақырында ән айтып кеттім. Секунд сайын сынға ұшыраймын. Сөйтіп бұл Құдайдың бұйыртқаны болды. Қазақта "Сабақты ине сәтімен" дегендей қалағаныма қол жеткізген кез осы болды", — деді жұлдыз.

Төреғали Төреәлі
© Foto : әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Мұнымен қатар, әнші қандай жағдай болса да, өзін сынға алған халыққа еш ренжімейтінін жеткізді. Көпшіліктің көзайымына айналмай, ескерусіз қалғанға қарағанда анда-санда шудың ортасында болғанды жақсы көреді екен. Сондай-ақ, ол әкесі екеуінің қарым-қатынасы қандай екенін айтып өтті. Өйткені, әкесі Төреғали Төреәлі сахнаға шыққалы продюсері қызметін атқарып келеді. Бүгінде барлық концертін ұйымдастырып, шығармашылығына етене араласады.

"Әуелі Құдай, кейін қолдап тұрған жұртымыз бар. Жақсы десе де, жаман десе де, өзегімізден тепсе де өз еліміз. Елемей ескерусіз қалғаннан гөрі солай болғаны жақсы. Оның үстіне көркемдік жетекшім өзімнің әкем болғаннан кейін "Бизнес по-казахский" дегендей бұл жерде кез келген сауда жақсы жүреді. Арамызда жанашырлық бар. Таяқ жеп жатсам да, әкемнің тісі маған аса қатты бата қоймайды", — деді ол.

Тағы оқыңыз:

Естеріңізге сала кетсек, жуырда әнші "Ұлы дала баласы" атты комедиясының жабық көрсетілімін өткізді. Ал 18 қазаннан бастап аталған туынды прокатқа шығады.

911
Кілт сөздер:
кино, шу, айтыс, әнші, продюсер, Төреғали Төреәлі
Тақырып бойынша
Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарды: комитет тексеріс жүргізеді
"Әміре Төреғали сияқты болмайды". Продюсер не деп уәде берді?
"Мен емес, елім кешірмейді" Төреғали Алтынбек Қоразбаевтың көңілін қалдырды
Есіңді жи, Төреғали: продюсер Жан Мұқанов әншімен арадағы кикілжіңді жайып салды
"Кем-кетігім болса, еркелігім деп қабылдарсыздар". Төреғали халықтан кешірім сұрады
"Ағайын, кешіріңдерші". Төреғали Төреәлі қарияны концертінен неге қуып шыққанын түсіндірді
Отандық радио Төреғали Төреәлінің әндерін эфирден алып тастады
Загрузка...