Димаш Құдайберген

"Өмір өзі реттейді". Димаш жалғыз ғана досының қалғанын айтып қамықты

3047
(Жаңартылды 21:02 22.10.2018)
Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде екіұшты жазбасын бөлісті

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ғана досының қалғанын айтып, тыңдармандарын алаңдатып қойды. Айтуынша, өмір барлығын реттеп, нағыз достарды іріктеп шығарады. 

Белгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі оқырмандарына жан досын таныстырды. Сондай-ақ, жұлдыз бүгінде өзінің көп адаммен етене жақын араласа бермейтіні туралы жазба қалдырды.

"Қазіргі заманда шынайы дос табу — қиынның қиыны. Өмір сүре келе көп нәрсеге көзіңнің ашылатыны тағы бар. Кейбір адамдарды қателесіп дос деп қабылдасақ та, өмір бәрін өз орнына қояды екен. Ерлан Бекчурин ағамызды санамағанда қазір жалғыз ғана досым — Айсұлтан. Бұл — екеуіміз 9 жыл бұрын түскен фото. Бауырым, аман бол! Талай арманымызға қол жеткізіп жүре берейік! 100 досың болғанша, 1 нағыз досың болсын", — деді Димаш Құдайберген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі әншіден бұрынғы продюсері Алпамыс Шәрімовпен достығы туралы сұрады. Айтуларынша, соңғы кезде екі достың арасы суып кеткен. Сондай-ақ, Димаштың сөзін құптап, өмірде нағыз достың аз болатынын айтып жатқандар да болды. 

3047
Кілт сөздер:
достар, әлеуметтік желілер, желі қолданушылары, әнші, продюсер, Димаш Құдайберген
Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (120)
Тақырып бойынша
Димаш ата-анасын ерекше тосынсыймен қуантты
"Новая волна" байқауында Димаш Құдайбергеннің микрофоны қосылмай қалды - видео
Әнші Димаш Құдайберген кәсіпкерлікке бет бұрды
"Соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын" Димаш Құдайберген Теннің отбасына көңіл айтты
Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Димаштың әкесі сүйінші сұрады
Желіде Димаштың қалыңдығымен түскен сурет жарияланды - фото
Загрузка...