Ислам Әлиев

Кішкене саусақтары "Шабыт" фестивалінің жеңімпазына қалай көмектесті

50
(Жаңартылды 14:56 12.11.2018)
Гобойда ойнайтын музыкашы Ислам Әлиев "Шабыт" фестивалінде президент Кубогын алды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Астана қаласында XXI халықаралық фестивальдің қорытындысы жүргізілді, деп хабарлайды тілшісі.

Қазақстан президентінің кубогын "Классикалық музыка. Ағаштан жасалған үрлемелі аспаптар" категориясы бойынша жеңіске жеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті Ислам Әлиев жеңіп алды.

Гобойда ойнайтын Әли үшін талантының дәл бұлай жоғары бағалануы күтпеген жағдай болды.

"Бірінші кезекте осы жүлдені алғаным үшін қуанышты екенімді жеткізгім келеді. Осыншама қарсыластың ішінде жеңімпаз атанғаным үшін ризамын. Бұл мен және отбасым үшін үлкен жеңіс", — деді Әлиев.

Екі жыл бұрын Ислам жас таланттар байқауына қатысып, осы номинацияда үшінші орын алды. Ол сол кезде бұдан да биік белестерге жетуім керек деп шешкен.

Тағы оқыңыз: 

"Біз түскен уақытта скрипка жеңіп алдым. Бірақ саусағым өте қысқа болғандықтан, мені алмады. Үрлемелі аспаптарды ойнататын сыныпқа бермекші болғанда, ішінен гобойды таңдадым", — деп жауап берді ол.

Өнер саласының еңбегі сіңген қайраткері Ерболат Төлепбай жасаған мүсіншені жас дарынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыстады.

"Жыл өткен сайын фестиваль сапасы артып келеді. "Шабыт" біздің мәдени брендімізге айналды, жыл сайын мұнда әртүрлі мемлекеттен ондаған адам келеді. Биыл 10 елдің жас таланттары қатысты. Әділ қазы алқалары құрамында 15 елден келген мәдениет саласының өкілдері болды. Жыл сайын тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, көптеген танымал мәдениет және өнер саласының өкілдері келеді", — деді Аманшаев.

Үздік журналист

Шығармашыл жастар фестивалінің жабылу салтанаты биден басталды.

Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында алғаш "Журналистика" номинациясының бас жүлдесінің есімі хабарланды.

Биыл жас репортерлер байқау туының астында алты жылда алғаш рет жиналды.

Номинациядағы басты жүлдені Qazaqstan арнасындағы Masele ("Мәселе") бағдарламасының жүргізушісі жеңіп алды.

Айым Мейірханова, Шабыт-2018  қатысушысы
© Sputnik / Владислав Воднев
Айым Мейірханова, "Шабыт-2018 " қатысушысы

Үздік музыкашылар

Кеш ұлттық аспаптардың үнімен ерекшеленді. Қыл қобыз жиналған қауымды өткен шаққа саяхаттатты.

"Ұлттық аспап. Қобыз" номинациясында бас жүлде Шолпан Шарапатоваға, "Прима-қобыз" номинациясында гран-при Айым Мейірхановаға бұйырды.

"Классикалық музыка. Ұрмалы аспаптар" номинациясында Арыстан Әбілдинге тең келетіндер болмады.

Бәсекелістік басқаларына қарағанда өте жоғары "Эстрадалық вокал" номинациясында жас әнші Ахмет Сұлтан жеңіске жетті.

Шабыт-2018 байқауы
© Sputnik / Владислав Воднев
"Шабыт-2018" байқауы

Үздік бишілер

"Хореография" номинациясында бас жүлдені Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік "Наз" би театры алды. Әділ қазы алқасы "Вайнах" шешен ансамблінің көркемдік жетекшісі Аднан Мажитов лайықты жандарға марапатын ұсынып, келесі сөздерді айтты.

"Қазақстанда тудым, отаныма келіп отырмын және онымен мақтанамын. Шешенстан Республикасының президенті Ахмат Қадыров бидің халық жаны екенін айтқан болатын. Бишілер қазақ халқының жаны мен болмысын, қаншалықты тәуелсіз және батыл екенін көрсетті", — деді Мәжітов.

"Шабыт" фестивалі Астана қаласында 5-9 қараша аралығында өтті. аталған байқауға ақпараттық қолдау көрсетті, сондай-ақ, жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынды.

50
Кілт сөздер:
өнер, байқау, бас жүлде, жеңімпаздар, "Шабыт" фестивалі
Тақырып бойынша
Ресейдің сұлулық байқауында жеңімпаз атанған қазақ қызы үндеу жасады
Fight Nights Global 80 турнирінде 7 қазақстандық жеңімпаз атанды
Айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған
Қазақстандық оқушы Қытайдағы байқауда жеңіске жетті
Моңғолиядағы қазақ қызы бейнеленген сурет халықаралық байқауда бірінші орын алды
Димаш Қытайдағы байқауда финалға шықты
Димаш Құдайбергенов ҚХР-дағы байқауда әйгілі хитты орындайды
Шәмші Қалдаяқовқа музей ашылды

Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовқа музей ашылды

45
Шәмші музейі жас композиторлар мен әншілер тәу ететін зиярат орнына айналуы тиіс, деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовқа арналған Қазақстандағы алғашқы музей ашылды. Бұл шара композитордың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Қалдаяқов туып-өскен Отырар ауданында өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Музейдің ашылу салтанатына өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев қатысты. Ол Шәмшіге арналған музей демеушілер есебінен ашылғанын айтып өтті. 

"Бүгін айтулы мереке. Түркістан облысына келгелі Шәмшінің кіндік қаны тамған жерде оған арналған музейдің жоқ екенін білдім. Тіпті біздің бүкіл республикада "қазақ вальсінің короліне" арналған бір де бір музей жоқ. Аз уақыт ішінде кеткен кемшіліктің орнын толтыру үшін тапсырма беріп, демеушілер есебінен Шәмші музейін ашуды қолға алдық", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның пікірінше, Шәмші музейі Жидебайдағы Абай музейі секілді жас композиторлар мен әншілер тәу ететін зиярат орнына айналуы тиіс.

Музей ішінде композитордың қолданған бұйымдары, саз шығаруға сеп болған мандолина секілді құнды жәдігерлер бар. Қазақстанның Ұлттық музейі Шәмші музейінің ашылуына орай композитордың бас киімін тарту етті.

Айта кетейік, Түркістан облысының орталығындағы жаңа музыка мектебіне Шәмші Қалдаяқов есімі берілді. Сонымен қатар музыка мектебінің алдында композитордың ескерткіші бой көтереді. Түркістан қаласындағы көшелердің біріне сазгердің есімі берілді.

45
Кілт сөздер:
музей, Шәмші Қалдаяқов
Тақырып бойынша
Нұрғали Нүсіпжанов болашақ жарымен бес жыл бұрын не туралы сөйлесті – видео
Қазақтың танымал тұлғаларының есімі қандай мағынаны білдіреді?
Мұхтар Шаханов бүгін 78 жасқа толды: жазушы туралы қызықты деректер
Рухани Жаңғыру

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын өзгеріс күтіп тұр

66
(Жаңартылды 13:46 13.08.2020)
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жаңа жағдайға бейімделетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов "Рухани жаңғыру" бағдарламасы заман талабына сай өзгертілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Егер біз санамыздағы пайдасыз қағидаттар мен қажетсіз әдеттерден, тіл мен ділдің қадірсіздігінен, талғамсыз салт пен дарақы дәстүрден дер кезінде арылмасақ, жаңа әлемнің өркениетті жетістіктерінен үмітіміз де аз. Сол себепті қазіргі таңда министрліктің алдында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жаңа жағдайға бейімдейтін бірқатар міндет тұр", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың тапсырмасын орындамаған шенеунік сөз естіді

Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, қазақстандықтардың қазіргі заманғы сын-талаптарына төтеп бере алатын және жеке кәсіби қасиеттерін дамытатын іс-шараларға басымдық беріледі. Осыған орай, бірнеше арнайы жобаның нобайы әзірленді.

"Мәселен, прагматикалық өмір салтын дәріптейтін жоба бар. Бұдан бөлек, ізгілік және тәрбие құндылықтары тұрғысынан өзекті болып отырған "Дәстүр мен ғұрып", елдің құқықтық мәдениетін ашатын "Құқықтық мәдениет", еңбекқорлыққа шақыратын және масылдықтан бас тартуға үндейтін "Еңбек – елдің мұраты" деген бастамалар бар. Әрине, олардың қамтитын тақырыптық шеңбері атауынан әлдеқайда кең", - деп атап өтті Тілепов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа жобалар аясында өскелең ұрпақтың мінезін қалыптастыру, эстетикалық талғамға баулу, тағамтану мәдениетінен бастап музыка мен театр сияқты терең дүниелерді қабылдау, азаматтардың қарапайым құқықтарын қорғай білуі, кәсіп жасау сияқты мәселелер де қамтылады.

"Оған өткенде ел президенті айтқан қоғамның экологиялық сауатын ашу және экомәдениетін көтеру мәселесі де кіреді. Сосын кітап сүйер ұлтты қалыптастыру, әсіресе, мектеп жасындағы балаларды кітап оқуға баулудың маңызы зор", - дейді Тілепов.

66
Кілт сөздер:
өзгерістер, Рухани жаңғыру
Тақырып бойынша
Ақпарат министрі "Рухани жаңғыру" логотипі туралы: құстардың бәрі бір-біріне ұқсайды
"Рухани жаңғыру" ұрлықтан басталғаны ма немесе министрлік гонорарға 50 мың теңге таппаған
Оралда дүлей жел талдарды құлатып, "Рухани жаңғыру" деген жазуды қиратты
Абаев: "Рухани жаңғыру" эмблемасы туралы жайтқа кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 16 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 16-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

17 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - экологиялық білім беру тақырыбында тікелей эфирде пікірталас өтеді. Іс-шараға Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев; ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева; білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ білім беру және экология саласындағы сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.  

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0