Димаш Құдайберген

Қырғыздың халық әртісі Димаш Құдайберген туралы не ойлайтынын айтты

9635
(Жаңартылды 11:08 13.11.2018)
Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры, профессор Мұратбек Бегалиев Димаштың өнеріне 2013 жылы Қырғызстанда өткен фестивальде тәнті болған

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Қырғыз Республикасының Халық әртісі, композитор Мұратбек Бегалиев Димаш Құдайбергенді 2013 жылы Қырғызстанда өткен байқауда алғаш көргенде қандай пікірде болғанын айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

"Бірнеше жыл бұрын Қырғызстанда Ыстықкөлде өте жақсы "Мейкин Азия" фестивалін өткізді. Сол жерде Димаш Құдайберген алғаш рет гран-при жеңіп алды. Фестивальге 16-18 елдің өнерпаздары қатысқан болатын. Бүгінде оны бүкіл әлем біледі, ол қазір прима-әнші деп айтуға болады. Мен қазылар алқасының төрағасы болған едім, шынын айтсақ, біздің қуанышымызда шек болмады —  көптен бері мұндай дауысты естімеп едік", — деп бөлісті тілшісімен Бегалиев Астанада "Шабыт" халықаралық фестивалінде. 

Қырғызстанда өткен фестивальге 2013 жылы қатысты. Ал үш жылдан кейін ол Қытайдағы I am singer байқауында жарқ етіп, өнерсүйер қауымды өзінің керемет даусымен тәнті еткен еді. 

Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры, профессор Мұратбек Бегалиев жас талант Димашты мақтан тұтатынын жеткізді.

Мұратбек Бегалиев - Қырғыз Республикасының халық әртісі
© Sputnik / Владислав Воднев
Мұратбек Бегалиев - Қырғыз Республикасының халық әртісі

 

9635
Кілт сөздер:
өнер, әнші, Мұратбек Бегалиев, Димаш Құдайберген, Қырғызстан
Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (123)
Тақырып бойынша
Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Димаш Forbes-тың табысты жұлдыздар тізіміне енді
"Өмір өзі реттейді". Димаш жалғыз ғана досының қалғанын айтып қамықты
Димаш Ұлыбританиядағы концерттен түскен қаржыны қайда жұмсайтынын айтты
"Махаббат шексіз сезім". Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін түсіндірді
Димаш Қытайда жанкүйерлерін тағы бір талантымен таңғалдырды – видео
Димаш ата-анасын ерекше тосынсыймен қуантты
Димаш Игорь Крутой және Лолитамен түскен видеосын жариялады
Димаш Құдайберген Ресейдің танымал әншісін қалай гүлсіз қалдырды?
"100 жасаңыз" Димаш Құдайберген Назарбаевты құттықтады
Алашұлы тобының әншісі Мақсат Рахмет

"Алашұлы" тобының әншісі: Фонограммамен сахнаға шығуға мәжбүр болдық

619
(Жаңартылды 13:29 18.09.2020)
Әнші әрі актер Мақсат Рахмет қазақ эстрадасының еш жерде жазылмаған ішкі заңы бар екенін айтты, ол – үлкен кісіге асығып тұрсаң да кезегіңді беру. Ол бұған қазақи адамгершілік қағидаларының бірі деп қарайды

АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Рухты әндерімен тыңдармандарын жігерлендіріп жүрген "Алашұлы" тобының солисі Мақсат Рахмет шығармашылық адамының өнерінде шек болмау керек деп санайды. Сол себепті өнер жолын әншіліктен бастап, оны алты жылдан бері театр сахнасымен байланыстырып жүр. Әртіс Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында жанды дауыста ән айтуды міндеттеуге қатысты ой бөлісіп, бір кездері фонограммамен сахнаға шығуға мәжбүр болғанын айтып берді.  

2009 жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының қабырғасында үш студент жігіт "Алашұлы" тобын құрған болатын. Содан үш жыл өткен соң актриса Назгүл Қарабалина топтың продюсері болып, сол уақыттан бері бірге жұмыс істеп келеді.

Алашұлы тобының әншісі Мақсат Рахмет
© Photo : Мақсат Рахметтің жеке архивінен
"Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахмет

"Иә, Назгүл Әдиетқызымен 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Арадағы келісімшартта "үйленуге болмайды" деген секілді талап-шектеулер жоқ. Әсіресе, шығармашылық жағынан толығымен еркіндік бар. Өзіміздің көңілден шығып, ұнатқан әнді жазамыз. Осы уақытқа дейін "мына әнді жазбаңдар", "мына әнді жазыңдар" деген нұсқау берілмепті. Продюсермен арада әпке мен інінің қарым-қатынасы сақталған", - дейді Рахмет.

Айтуынша, продюсер мен топ мүшелерін байланыстырып келе жатқан арадағы келісімшарт емес, шығармашылыққа деген ортақ көзқарас.

"Алашұлы" тобының бағыты – елге деген ыстық ілтипатты әнмен жеткізу, елге адал қызмет ету. Осы мүдде әлі күнге дейін бірге ұстап келе жатыр және біраз жерге апарады деп ойлаймын", - дейді әнші.

Сонымен қатар топтың концерттерге баруын ұйымдастырып жүретін бір адам, бейнебаяндар мен фототүсірілімдерге, әншілердің киімі мен әлеуметтік желідегі жұмыстарға жауап беретін тағы бір адам бар.

Әуелде топта Мақсат Рахмет, Ұшқын Жамалбек, Әзімбек Байлин болды. Қазір топтың екі мүшесі ауысты. Мақсат Рахмет "Алашұлы" тобынан шығып, жеке шығу ойында жоқ екенін жеткізді. Себебі топтың мүшесі болу жеке шығармашылығы мен басқа да жұмысына кедергі келтірмейді.

Композитор Дүйсенов: орындаушының бейғамдығынан әнімнің бағы жанбай қалды

"Бір жыл бұрын топтан Әзімбек Байлин жеке шығармашылығына кетіп, орнына Атаханов Берікті таңдап алдық. Топ 2009 жылы құрылды, ол күнде бәріміз студент болдық. Шынын айтқанда, продюсеріміз де болған жоқ. Тек ортақ мүдде, мақсат болды. "Алашұлы" тобы Ұшқын, Әзімбек, мен үшін де үлкен баспалдақ еді. "Бірге тумақ болғанмен, бірге жүрмек жоқ" деген бар. Жігіттердің ұстанымы мен қабылдаған жаңа шешімдеріне сәйкес олар жеке шығармашылыққа бет бұрды. Алаштың ұлдарында өкпе жоқ, бауыр бар. Топтан шығуына ақша бөлісе алмау немесе басқа да ұрыс-керіс себеп болған жоқ", - деп түсіндірді Рахмет.

Фонограммамен шығуға мәжбүр болған

Жуырда мәдениет саласына қатысты заң жобасын мәжіліс мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді. Заң қабылданатын болса, әншілер сахнаға шығар алдында фонограмманың қосылғанын хабарлауға міндетті болады. Мақсат Рахмет бұл заңды ұсынғандарға алғыс айтты, себебі бұл әншілерді електен өткізуге, жанды дауыста ән салғанына қарай кімнің кім екенін көруге мүмкіндік береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "АЛАШҰЛЫ" тобы (@alashuly_group)

"Бұл жаңалықты көзім шалып қалды. Осы жерде көтерілген мәселеге, фонограммамен ән айтуға байланысты айтылған пікірге 100% қосыламын. "Алашұлы" тобы Алматы қаласында Республика сарайында жеке концертін бергенде де, астана төрінде жеке концерт берген кезде де толығымен жанды дауыста ән салды. Үкімет тарапынан осындай талап қойылғаннан кейін еліміздегі барлық мәдениет ошағында жанды дауыста ән салуға жағдай жасалады деп ойлаймын. Ол қыруар қаражатты талап етеді, себебі жанды дауыста ән салу үшін сапалы музыкалық жабдықтар қажет", - дейді ол.

Осы тұрғыдан алғанда заңды ұсынушылар соған сай жағдай жасап береді деген үміті бар. Әңгіме арасында әнші "Алашұлы" тобының да кей концертте фонограммамен шығып ән салғанын айтып қалды. Бірақ уақыттың тапшылығына байланысты, музыкалық жабдықтың дайын болмауына байланысты солай істеуге мәжбүр болдық дейді.

"Иә, талай рет фонограммамен шығып ән салдық, оған мәжбүрлі түрде бардық десе де болады. Көп әнші қатысатын концертте әр әншіге сай микрофонды түзеуге уақыт та жетпейді, оны түзеп отыратын адамдар да жетіспейді. Сондай кезде фонограммамен шығуға мәжбүр болдық. Ал енді осы заң қабылданып, концертке қатысатын адамдар санын азайтып, қатысатын өнерпаздарға уақыт бөлінсе, жанды дауыста ән салуға дайындыққа уақыт беретін болса, әрине, құба-құп. Әріптестерімнің басым бөлігі бұл талаппен қуана-қуана келіседі және қиналмастан орындап шығады деп сенемін", - дейді Мақсат Рахмет.

Тойда кезегін береді

Сұқбат кезінде Мақсат Рахмет ешқандай заң шықпай тұрып-ақ сахна мәдениетін сақтап жүргенін айтты. Әннің арасында дөрекі, бейәдеп сөздерді қолданудан аулақпыз дейді.

"Киімнің сахнаға сәйкес келуі туралы сұрақтарға қазірдің өзінде толығымен дайынбыз. Себебі осы уақытқа дейін шыққан әніміздің ешқайсысында бір ауыз бейәдеп сөз жоқ. Сахнаға қалай болса солай шыққан күніміз де болған емес. Бұған ешқандай заң шықпай-ақ үлкен жауапкершілікпен қараймыз", - дейді ол.

Заң жайлы әңгіме қозғалған соң әнші қазақ эстрадасының еш кодексте көрсетілмеген ішкі заңы жайлы айтты.

"Осы уақытқа дейін жолымызды кесіп, атағын пайдаланып алдымызға шығып кеткен әріптестеріміз болған емес. Қазақ эстрадасындағы әншілер, оның ішінде жастар – менің замандастарым үлкендерді қатты құрметтейді. Тойда асығып тұрсақ та, кезегімізді үлкендерге береміз. Аға буынның сахнаға алдымен шығуы олардың атағын пайдаланғанын көрсетпейді, керісінше кейінгі буын тәрбиесінің нышаны. Бұл – еш кодексте көрсетілмеген, заң болып жазылмаған адамгершілік қағидалары", - дейді Мақсат Рахмет.

Әнші ме, актер ме?

Мақсат Рахмет 2014 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрда жұмыс істейді. Алғашында театрдағы қызметін сахна сайысын қоюшы ретінде бастаған әртіс екі жылдан соң режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың "Бір сен үшін тудым" қойылымында ойнап, содан кейін актерлік құрам қатарына қосылған.

"Театрды да, "Алашұлы" тобын да жақсы көремін. Өзімді әншімін немесе актермін деп айтпаймын, мен – әртіспін. Кәсіби деңгей жағынан ауыз толтырып өзімді әртіс деп атауға бола ма, жоқ па, білмеймін. Оны ұстаздарым мен айналамдағы әріптестерім біледі, халық бағасын береді. Әртіс деген сөздің ішіне бәрі кіреді, жан-жақты болып, ән де айтып, би де билеп, актерлік шеберлікті де меңгергені жөн", - дейді ол.

Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрда Құлагер қойылымында басты рөлді сомдады
© Photo : Мақсат Рахметтің жеке архивінен
Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрда "Құлагер" қойылымында басты рөлді сомдады

Ал жеті жыл оқып алған мамандығы – музыкалық театр және кино актері. Қолымыздан ән айту келген соң әншілік жағында да жүрген жайым бар, деп толықтырды Рахмет.

"Театрда айлық үшін жүрмегенімді сеніммен айта аламын, театрға мені байлап қойған сол өнерге деген шексіз махаббат. Осы уақытқа дейін сомдаған әр рөлдің өз тарихы бар, бір-бірінен бөліп жаруға келмейді. Әр рөл іштен шыққан баламыз сияқты, қаншама дайындықтан өтіп, қаншама зерттеу жүргізіледі. Ойдағы образ шыққанша қиналамыз, оны бір ретке келтірген соң қалай шықты екен деп күйзелісте жүретін кез болады", - дейді ол театрдағы жұмысы жайлы.

Актердің айтуынша, қазір театр карантин талаптарын сақтай отырып жаңа үш қойылымды сахнаға шығаруға дайындалып жатыр. Оның ішінде Антон Чеховтың "Шағала" спектаклі қазірдің өзінде дайын тұр. Мақсат Рахмет режиссер Фархад Молдағалиевтің "Баянсыз бақыт" қойылымы мен Нұрдәулет Советханның Адам ата мен Хауа ана ұрпағы жайлы спектаклінде ойнайды.

"Бұл қойылым Адам ата мен Хауа ананың тұңғыш баласы жайында болады. Мойындау керек, қойылым өте қиынға соғып жатыр. Күнде кешке театрда жиналып, қойылымға дайындалып жатырмыз. Ізденіс пен сол ізденістің нәтижесін көрсету қиын әрі қызықты процесс", - дейді актер.

Айтуынша, қойылым дайын болған соң театрдың көркемдік кеңесіне ұсынылады. Егер кеңес рұқсатын берсе, спектакль көрерменге жол тартады.

619
Тақырып бойынша
Димаштың концерті Куба телеарнасынан көрсетілді
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
"Тегін дүние жоқ": Бағлан Әбдірайымов ашық сұхбат берді
Қыдырәлі Болмановпен сұхбат: Бізге дейін бірін-бірі сүйіп қосылған дуэт болған жоқ
"Енді ұят болады": Танымал қазақ әншісі фонограммаға қатысты ойын айтты
Микрофон, иллюстративті фото

"Енді ұят болады": Танымал қазақ әншісі фонограммаға қатысты ойын айтты

5028
Фонограмма мәселесі 10 жылдан бері көтеріліп келеді, сондықтан оған нүкте қояр сәт келді, дейді Жеңіс Сейдоллаұлы

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет министрлігі қойған талаппен өнер иелерінің кейбірі келіспейді, деп хабарлады "Хабар 24".

Себебі жанды дауыста ән шырқауға арналған музыкалық аппараттар жетіспейді. Бар болған күннің өзінде сапасы сын көтермейді. Ал құзырлы орган өнер иелеріне тек жанды дауыста ән шырқау қажеттігін ескертеді.

"Концерт ұйымдастырушылары әншіні шақырған кезде райдерге сай қызмет көрсетуі тиіс. Сонда ғана жанды дауыста өнер көрсетуге болады. Бізде техника нашар. Сосын әншілердің гонорары да көп емес. Оның үстіне ұйымдастырушылар сырттан әнші шақыруға әуес. Соларға арнап қымбат аппаратура әкеледі. Қазақстандық өнерпаздарға келгенде, техника да ескі, төлем де мардымсыз. Осыдан кейін жанды дауыста ән шырқау жайлы талап қою да қисынсыз", - дейді продюсер Алуа Қонарова.

Оқи отырыңыз: Фонограммаға қатысты заң жобасы сенатқа жіберілді 

Дегенмен, өзгерістер алдыңғы буын өнер иелері тарапынан қолдау тапты. "Фонограмма мәселесі 10 жылдан бері көтеріліп келеді, сондықтан оған нүкте қояр сәт келді", – дейді Жеңіс Сейдоллаұлы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері осы заң жобасын әзірлеуге де атсалысқан. Сондықтан тыңдарман талғамына сай болу үшін әріптестерін барынша шынайы болуға шақырады.

"Ең алдымен, бұл жерде көрермен таңдау мүмкіндігін алады. Әнші концерт қоятын болса, құлақтандыруда "осынша ән фонограммада, осынша ән жанды дауыста болады" деп көрсетеді. Осы мәселенің қозғалғанына көп болды. Нүктесі қойылды. Енді ұят болады. Әншілер бар мүмкіншілігін салып, жанды дауыста шырқап жатыр", - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы.

Сонымен кез келген әртіс сахнаға шығар алдында қанша әнін жанды дауыста шырқайтынын алдын ала хабарлауы тиіс. Заң талабы осындай. Бірақ оны өнер иелері қаншалықты орындайтынына уақыт төреші. Оның үстіне қандай жауапкершілік жүктелетіні де белгісіз.

"Норма енді ғана енгізіліп жатыр. Оны тәжірибеге енгізбей, ештеңе айта алмаймыз. Мүмкін заңбұзушылық мүлде болмайтын шығар. Бұл жағын әнші немесе ұйымдастырушының ар-ұятына қалдырамыз. Егер заңбұзушылық көбейіп кетсе, министрлік Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізеді, яғни айыппұл салу жағын қарастырамыз", - деп түсіндірді мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры Күміс Сейітова.

Заң мәжілісте мақұлданды. Енді сенат отырысында қаралып, өзгеріс енгізілуі де мүмкін. Әзірге қоғам тарапынан құжатқа тек оң баға беріліп отыр.

5028
Кілт сөздер:
әнші, фонограмма
Тақырып бойынша
Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады
Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
Министр фонограммаға толығымен тыйым салуға қатысты пікір білдірді
Өрт сөндіру көлігі, архивтегі фото

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

0
Оқиғаға куә болған басқа жүргізуші өрт сөндіру көлігі өзін басып озбақ болғанын, алайда сол қанатына соғып, содан кейін бірнеше рет аударылып түскенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қайғылы оқиға кеше сағат 19.00 шамасында Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда болды, деп хабарлады "Мой город" сайты.

Апат куәгері, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Жандарбек Ақбасов отбасымен бірге қалаға қарай бара жатқанда өрт сөндіру көлігі басып озбақ болғанын айтты.

"Екі баламмен қалаға қарай бара жатыр едім. Өрт сөндіру көлігі бізді басып озбақ болып, сол қанатқа соғылды. Біз аударылып қала жаздадық, алайда көлікті дер кезінде туралай алдым, ал өрт сөндірушінің көлігі жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды. Қарсы жолда көлік келе жатты-ау деймін, бірақ ол оны күтпесе керек", - деді Жандарбек Ақбасов.

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты – оқиға орнында түсірілген видео 

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 46 жастағы азаматтық қорғаныс старшинасы апат салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Деркөл ауылына бара жатқан. Ол салонда жалғыз болған.  

0
Кілт сөздер:
жол апаты, өрт сөндіру көлігі
Тақырып бойынша
Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды
Алматыда үш бала мен олардың анасы жол апатына ұшырады
Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті
Елордалық полицейлер жол апатының көбею себебін айтты
Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ