Мәдениет

Лондондағы жанкүйерлері Димашты ерекше қошеметпен қарсы алды — видео

© ұйымдастырушыларданДимаш Құдайберген жанкүйерлерімен бірге
Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен бірге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншіні әуежайда күтіп алу үшін жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен ұшып келген

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Димаш Құдайберген 17 қараша күні өзінің алғашқы "DQ" атты жеке ән кешін өткізу үшін Лондондағы Хитроу әуежайына ұшып барды. Орындаушының жанкүйерлері оны Астанадағы халықаралық "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайынан шығарып салып, сәттілік тіледі. 

Лондондағы ірі әуежайда қазақстандық әншіні әлемнің түкпірінен келген 100 шақты жанкүйері күтіп алды. Жанкүйерлері оған сыйлықтары мен гүлдерін ұсынып жатты. Осылайша жанкүйерлердің әрқайсысы ерекше қуанғандарын сөзі мен ісі арқылы байқатты.

© ұйымдастырушыларданДимаштың канадалық жанкүйері Весна Медведева
Димаштың канадалық жанкүйері Весна Медведева - Sputnik Қазақстан
Димаштың канадалық жанкүйері Весна Медведева

Весна Медведева "DQ" шоуына қатысу үшін анасымен бірге Лондонға Торонтодан ұшып келген.

"Бір жыл бұрын Димаштың музыкасын анамның арқасында таныдым. Осы сәттен бастап мен шығармашылығын бақылап жүрдім. Қазір ол келіп қоныстанатын қонақүйде тұрмын және бойымды қандай сезім кернеп жатқанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын", — деді бойжеткен.

Естеріңізге сала кетсек, осы дүйсенбіде ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген "Indigo at the O2" концерт залының сахнасында өнер көрсетеді.

"DQ" — жас орындаушының жаңа концерттік бағдарламасы. Билеттен түскен барлық қаржы Қазақстандағы жас таланттарды қолдауға жұмсалмақ.

Жаңалықтар
0