Данэлия Төлешова

"Енді қатыспайды". Данэлияның анасы ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

3997
(Жаңартылды 12:03 29.11.2018)
Жас әнші алдағы уақытта Украина еліне барып, сол жердегі мамандармен бірге жұмыс істемек

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Бүгін таңғы сағат төртте Данэлия Төлешова елге ұшып келді. Араға бірнеше сағат салып әнші мен оның командасы журналистердің сауалдарына жауап берді. Әнші әлі де байқауды сағынып отырғанын жасырмады. 

Қазақстандық өнерпаз орындаған "Өзіңе сен" әні, дәлірек графикасы "Еуровидение-2018" байқауында үздік атанды. Осы орайда, әнші жан-жақты қолдау көрсетуге тырысқан әкесіне алғыс айтты.

"Барлығы біткен соң бірінші әкеммен сөйлестім. Ол өз тарапынан үлкен қолдау көрсетті. Меніңше, дәл бұлай қолдау көрсететін әке ешкімде жоқ. Әкем мен үшін қатты алаңдады. Аккаунтымда болған барлық ақпаратты әкем жазып, жариялап отырды. Ол менде барлығы жақсы болғанын қалады. Осы үшін оған айтар алғысым шексіз. Әкемнің ерен еңбегінің арқасында біз дауыс беру бойынша Еуровидениеде үшінші орынға көтерілдік деп ойлаймын", — деді Данэлия Төлешова "Алматы" арнасына берген сұхбатында.

Байқау кезінде залда отырып, өнерпаздарды бағалаған кәсіби мамандар қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болғандарын айтып жатыр. Сондай-ақ, "Өзіңе сен" әні бірегей аранжировкасының арқасында жоғары бағаға ие болды.

Тағы оқыңыз: 

Жақындары байқауға дайындықтың Данэлияның көп уақытын алғанын айтып жатыр. Десе де, әнші алдын ала үй тапсырмаларын орындап, мектеп бағдарламасынан тек бір апта уақытқа қалып қойған. Ал анасы қызының аталған байқауда 6-орын алуы команданың қажырлы еңбегінің арқасы екенін айтады.

"Бізге көмектескен маман гонорардан бас тартты. Мұның барлығын шын жүректен жасап жатқанын айтты. Жанымызда болып, қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Бейнебаянды түсіріп берген адам да бізден ақша алмады. Жалпы өзіміз де көп қаржы жұмсауға дайын емес едік. Сондай-ақ, бұл Данэлия үшін соңғы байқау екенін айтқым келеді. Себебі байқау көп уақытты талап етіп, қызымның шығармашылыққа еш уақыты қалмайды", — деді әншінің анасы Елена Төлешова.

Алдағы қысқы демалыс кезінде Данэлия Украина еліне баруды жоспарлап отыр. Аталған елдегі мамандар оған бірігіп жұмыс істеуді ұсынған екен.

3997
Кілт сөздер:
бейнебаян, байқау, әке, мектеп, әнші, Данэлия Төлешова
Тақырып бойынша
Данэлия Төлешованың "Балалар Евровидениесінде" айтқан әні - видео
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" арнасында көш бастады
"Балалар Еуровидениесінде" Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайды
Данэлия Төлешова BraVo жүлдесін иеленді
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесті
Данэлия Төлешова "Голос.Дiти" шоуында жеңіске жетті
Данэлия Төлешова украиналық "Голос" байқауының финалына шықты
Әнші Димаш Құдайберген мен актер Джеки Чан

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады

485
"Авангард" деп аталатын фильмнің премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады.

"Жақын күндері Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Авангард: Арктикалық қасқырлар" премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.

Оқи отырыңыз: "Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Фильмде "Авангард" тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.

485
Кілт сөздер:
жаңа фильм, Джеки Чан, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Астана Балет театры он қайырымдылық концертін өткізеді

"Дәрігерлерге алғыс айтамыз": "Астана Балет" он қайырымдылық концертін өткізеді

58
(Жаңартылды 17:46 21.09.2020)
Алғашқы қайырымдылық концерті 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Театр концертке келушілер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Астана Балет" театры Нұр-Сұлтан мен басқа өңірлердің дәрігерлері үшін он қайырымдылық концертін өткізеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

"Біз бірнеше ай бойы бар күшін-жігерін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу жолында жұмсап, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді", – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Алғашқы концерт 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Он қайырымдылық концерті Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді, олардың алғашқысы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек белгілі болады.

Гастрольдік сапар мәдениет және спорт, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

"Біз концертке көрерменді шақыру арқылы өзімізге жүктелетін жауапкершілікті толықтай сезініп отырмыз, сондықтан, бұған жан-жақты дайындықпен келдік. Театр көрермендер үшін барлық санитарлық нормаға сәйкес келетін арнайы "келу алгоритмін" әзірледі", – деп атап өтті Совостьянов.

Қайырымдылық концерттердің бағдарламасына театрдың "визит карточкасына" айналған айрықша қойылымдар енеді. Солардың бірі – "Ұлы дала мұрасы" дивертисменті. Онда артистер қазақ ұлттық биінің өзгеше мәнерін, иірімі мен ырғағын жан-жақты ашып көрсетеді.

"Өнер адамның рухын көтереді, жан тыныштығын сыйлайды. Біз осы орайда, айрықша қойылымдарды әзірледік, олар көрерменге жеңіл және мерекелік көңіл-күй сыйлайды", - деді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Астана Балет даст десять благотворительных концертов для врачей в Нур-Султане и регионах
© Photo : пресс-служба театра "Астана Балет"
Гастрольдік кесте өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Сондай-ақ, ол артистердің концерттің басты қонағы – дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізгісі келеді.

"Артистер көрерменмен кездесетін күнді ерекше толғаныспен тағатсыздана күтіп жүр. Себебі, осы уақытқа дейін оларға сахна, көрерменнің қошеметі жетіспегені анық, ал кері байланыс оларды қанаттандырады әрі шабыттандырады", - деді  Авахри.

Қазан айында "Астана Балет" көпшілік назарына спектакльдер мен бірнеше премьера ұсынады, олардың ішінде қазақстандық балетмейстер Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" атты премьерасы бар.

58
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

0
Жиырма бес адам әуе апатынан қаза тапты, бортта болған тағы екі әскери қызметкер ауыр жарақат алды, оларды күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан кем дегенде 25 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Бортта 28 адам – әскери ұшқыштар мен курсанттар болған.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 20:50 шамасында Чугуев қаласының маңында, әскери әуежайдан екі шақырым жерде болған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

"Ұшақ жерге құлап түскеннен кейін өртеніп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша Ан-26 бортында 28 адам – әскери ұшқыштар мен И.Кожедуб атындағы Харьков әуе күштері ұлттық университетінің курсанттары болған. Ұшақ апатынан 25 адам қаза болды. Екеуін күйік шалды", - деді елдің төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі.

Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

Ан-26 апатының мән-жайы мен себебін тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды.

"Сенбі күні Украина мемлекетінің басшысы Владимир Зеленский Харьков облысына келеді", - деп хабарлады президент кеңсесі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан аз уақыт бұрын ұшақтың бір қозғалтқышы істен шыққан.

0
Кілт сөздер:
әскери қызметкер, ұшақ апаты, Украина
Тақырып бойынша
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Алматы - Қостанай рейсінің жолаушысы ұшақ бортында көз жұмды
Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағының жолаушылары жанжал шығарды - видео
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді