Мәдениет

Димаш Құдайберген Ресейдегі танымал телебағдарламада қонақта болды

© Photo : Минкультуры и спорта / Никита БасовДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарламада Димаш Құдайберген ресейлік тыңдармандардың ерекше ықыласына ие болған әнді орындады

АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресей телеарнасындағы "Не? Қайда? Қашан?" (Что? Где? Когда?") интеллектуалды ойынында қонақта болды. 

Бағдарламада Димаш Құдайберген танымал композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Любовь уставших лебедей" әнін орындады.

Айта кетейік, Димаш бұл әнмен алғаш рет Кремльде Ресейдің құқық қорғау органдары қызметкерлері күніне арналған концертте өнер көрсеткен болатын. Одан кейін "Субботний вечер" бағдарламасында ән шырқады. Ал күні кеше "Олимпийский" спорт кешенінде өткен "Жыл әні" концертінде ресейлік тыңдармандарды тағы да ғажайып даусымен тәнті етті. 

Естеріңізге сала кетсек, 19 қарашада Лондонда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өткен еді.  Керемет шоу Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылған.

"Indigo at the O2" концерт залы лық толып, қазақстандық әншінің табынушылары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. 

Жаңалықтар
0