Димаш Құдайберген

Димаш енді Америка сахнасында ән шырқайды видео

2446
(Жаңартылды 16:00 16.12.2018)
Қазақстандық әнші Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде танымал жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетеді

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Жуырда Лондон қаласында концерт берген Димаш Құдайберген енді Американың төрінде ән шырқайды. 

Қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарын 2019 жылы Бруклинде өтететін Игорь Крутойдың шығармашылық кешіне шақырды. Кештің тизерінде Филипп Киркоров, Николай Басков, Дима Билан, Ани Лорак, Алсу, Валерий Леонтьев секілді жұлдыздармен бір сахнада Димаш Құдайбергеннің де өнер көрсететіні айтылған.

"Сіздерді" Игорь Крутойдың Америкада өтетін концертінде күтеміз", — деп жазды әнші видеоның тұсына.

"65 жас өмірде бір-ақ рет келеді" атты шығармашылық кеш 26 қазан күні Берклайс орталығында өтеді. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде осы концертке қуана баратындарын жарыса жазып жатыр. Арасында концерт жарнамасының бір жыл бұрын жасалып жатқанына таңғалғандар да болды.

"Димаш, осы концертті асыға күтіп жүрміз", "Димаш, сен Америкаға қажетсің", "Әлі бақандай 1 жыл бар ғой. Дегенмен Димашжан үшін қуаныштымыз! Алла сол күнге жеткізсін", "Димаш, Иекеңнің әнін тамаша орындапсың" деп жазды желі қолданушылары.

Әнші 19 қараша күні Ұлыбританияның Лондон қаласында концерт берді. Аталған кештен түскен қаржыны ол қазақстандық жас таланттардың шетелдік байқауларға қатысуына жұмсамақ.

2446
Кілт сөздер:
жұлдыз, сахна, оқырмандар, әлеуметтік желілер, әнші, Димаш Құдайберген, Америка
Тақырып бойынша
"Нағыз патриот!". Димаш 118 ел аруы қатысқан байқауда ана тілінде ән шырқады — видео
Димаш Құдайберген "Песня года" концертінде Ресей халқын тағы да тәнті етті – видео
Данэлия неліктен Димаш ұсынған ақшадан бас тартқанын түсіндірді
Димаш ресейліктерді дауысымен тағы таңғалдырды – видео
Димаш Құдайберген Лондонда қазақ тілінде сұхбат берді
Димаш Құдайбергеннің Лондондағы қайталанбас шоуы: қалай өтті?
"Қазақстандамыз". Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді
Гүлдер, архивтегі сурет

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері қайтыс болды

12449
(Жаңартылды 17:34 17.05.2020)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зұлқаш Чапай елдегі режиссура мен актерлік шеберліктің дамуына сүбелі үлес қосты

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайракері, режиссер Зұлқаш Чапай 82-ге қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театры хабарлады.

"Абызымыздан айырылдық, Атырау облысының, Исатай ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының режиссері, актері, Қазақ өнеріне өзіндік айшықты қолдаңбасымен танылған өнер иесі, тұлға - Зұлқаш Чапай дүниеден озды", -деп жазылған театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

Марқұмның жаназасы ертең, жексенбі 17 мамыр, сағат 9.00-де өз шаңырағында оқылатыны айтылған.

Зұлқаш Чапай 1938 жылы 23 желтоқсанда Орпа ауылында туған. 1961 жылдан бастап Алматының балалар мен жасөспірімдер театрына актер болып жұмыс істеді. Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселім" спектакліндегі Ілияс рөлімен Бүкілодақтық театрлар байқауында жүлдеге ие болған.

1971 жылы белгілі режиссер Мәмбетов Зұлқаш Чапайды Жүргенов атындағы өнер институтының режиссерлер даярлайтын факультетіне шақырды. Институтты 1976 жылы бітіріп шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

1988 жылы "Қазақстанның еңбегі сіңірген өнер қайраткері" атағына ие болды. 1989 – 1991 жыл аралығында Москвадағы "Вахтангов" театрында режиссер Фоменконың класында өнерін жетілдірген. Осы жылдар аралығында Әуезов театрының шақыртуымен Жағановнның "Жан алқымда" және Самтаевтың "Жұлдызым менің жоғары" атты пьесаларын сахнаға даярлады.

12449
Кілт сөздер:
еңбек сіңірген қайраткер, актер, қазақстандық режиссер
Тақырып бойынша
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова өмірден озды
Алматыда Қасым Бегалин қайтыс болды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі қайтыс болды
Әнші Марат Омаровтың анасы қайтыс болды
Азамат Жылтыркөзов

"Чайковский.Online": Қазақстан мен Ресей әртістері халықаралық жобаға қатысады

129
(Жаңартылды 12:58 06.05.2020)
Композитор Петр Чайковскийдің туындыларын сүйіп тыңдайтындар онлайн-режимінде концерт көре алады. Концерттік бағдарламаға қазақстандық және ресейлік әртістер қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады. Жобаға Қазақстан мен Ресей әртістер қатысады. Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған концерт онлайн режимде өтеді. 

"Чайковский. Online" халықаралық жобасы аясында "Астана Опера" театрының әртістері өнер көрсетеді. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі, Қазақстандағы Ресей елшілігінің мен "Русское исполнительское искусство" қоры қолдау көрсетеді.

Скрипач Максим Венгеров
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады

Орыс романстарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әнші, баритон Азамат Жылтыркөзов орындайды.

"Биыл Петр Чайковскийдің 180 жылдық мерейтойы. Біз әріптестерімізбен бірге осы датаны атап өтуден тыс қалмадық. Мен концертте ұлы композитордың он романсын орындаймын. Тыңдарман "Растворил я окно", "То было раннею весной", "Благословляю вас, леса", "Нам звезды кроткие сияли" романстарын тыңдай алады", - деді әртіс.

Жобаға қатысушылар арасында "Астана Опера" опера труппасының бас концертмейстері, пианист  Елена Сахно, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Валерий Ворона, скрипкашы, дирижер, "Грэмми" премиясының екі мәрте лауреаты Максим Венгеров, Ресейдің халық әртісі, пианист, профессор Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, виолончелші Борис Андрианов қатысады.

Виолончелист Борис Андрианов
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов

Концерттік бағдарламадан бөлек, театрдың репертуары 2019 жылы "Евгений Онегин" операсы енгенін атап өту керек.

"Чайковский. Online" концертінің премьерасы 7 мамыр күні сағат 20:00-де "Астана Операның" YouTube-каналында болады.

129
Ақша, архивтегі сурет

Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды видео

0
Алматы облысындағы Қарасай ауданы әкімнің орынбасары 33,5 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдік бар

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жергілікті биліктің бірнеше өкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысында Қарасай ауданы әкімінің орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін ұсталды. Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, әкімінің орынбасары мемлекеттік сатып алулар кезінде қамқорлық жасаған. Ол кәсіпкерден пара алғаны үшін айыпталып отыр.

"Жол картасы 2020" бағдарламасы аясында кезекті құрылыс нысаны бойынша рәсімделген келісімшарттың жалпы құны 660 миллион теңге болған. Әкімнің орынбасары осы ақшадан 33,5 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдік бар. 

 "Бұдан бөлек, Алматы облысында Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының жетекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеунік жекеменшік фирма өкілімен бірге 5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ол ақша жұмыспен қамтудың жол картасы аясында бөлінген болатын", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Ал Қарағанды облысы Жаңарқа ауданындағы Атасу кентінде әкім аппаратының лауазымды тұлғалары балабақша құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Осылайша, "Ер төстік" сәбилер балабақшасының құрылысына бөлінген 5 миллион теңге қолды болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшылығы мен Шет аудандық құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

0
Кілт сөздер:
пара, парақорлық, пара алу
Тақырып бойынша
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды