Мәдениет

Белгілі қазақстандық композитор қайтыс болды

© Photo : meloman.kzКомпозитор Әліби Мәмбетов
Композитор Әліби Мәмбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әліби Мәмбетов – атақты композитор Ғазиза Жұбанова мен режиссер Әзербайжан Мәмбетовтің ұлы

АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық композитор, режиссер және педагог Әліби Мәмбетов 58 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Каскадер Қасым Жұмағожин - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көптеген фильмде ойнаған белгілі қазақстандық каскадер көз жұмды
Әліби Мәмбетов – атақты қазақстандық композитор Ғазиза Жұбанова мен режиссер Әзербайжан Мәмбетовтің ұлы. 

Суыт хабар туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әліби Мәмбетов 15 желтоқсанда өмірден өтті. Сазгердің неден қайтыс болғаны нақтыланбаған. 

Әлеуметтік желілерде марқұмның жақындары мен достары қайғырып, көңіл айтып жатыр. 

"Менің досым, әріптесім – композитор, әйгілі Әзербайжан Мәмбетов пен Ғазиза Жұбанованың ұлы, Ахмет Жұбановтың жиені, ақжарқын әрі қарапайым Әліби Мәмбетов көз жұмды", — деді композитор, "Qazaq Composers League" қоғамдық қорының президенті Артық Тоқсанбай. 

Әліби Әзербайжанұлы Мәмбетов – қазақ композиторы, педагог. Ғазиза Жұбанованың ұлы, әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың жиені. Кинематограф пен телевидениедегі жұмыстары арқылы танымал болды.

Жаңалықтар
0