Денис Тен, архивтегі фото

Қазақстанның бай адамы Денис Теннің сценарийімен түсірілетін фильмді қолдады

76
Спортшының көзі тірісінде жазып кеткен сценарийі бойынша түсірілетін фильм ағылшын тілінде болады

АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Денис Теннің сценарий бойынша түсірілетін фильмнің түсірілімі қаңтар айында басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кинорежиссер Тимур Бекмамбетов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қалай танысқанын айтып берді.

 

"Денис біздің BAZELEVS студиясы ұйымдастырған байқауда жеңіске жеткен еді. Оның жұмысы қызық болғандықтан, біз оны әңгімелесуге шақырдық. Мені оның жұмысы ғана емес, өзі де таңғалдырды. Сондай ашық, шынайы, жүзінен нұр төгіліп тұрған жан еді. Біз онымен кездесіп, фильмнің қашан шығатынын талқыладық", — деді Бекмамбетов Денис Тен қорының жұмысына арналған баспасөз мәслихатында.

Ол фильмнің түсірілімі келесі жылдың қаңтарында басталатынын атап өтті. 

"Фильм ағылшын тілінде болады. Режиссерді Америкадан іздестіріп жатырмыз, фильмнің өзі де АҚШ-та түсіріледі. Менің түсінгенім бойынша, қорға Тимур Құлыбаев қолдау көрсеткен. Біз жоспар бойынша ілгерілеп келеміз", — деді Бекмамбетов. 

Кинорежиссер фильм коммерциялық өнім емес, естелік ретінде түсірілуі керек екенін айтты. Сондықтан Денис Теннің жазып кеткен сценарийі қаз-қалпында сақталмақ.


76
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, фильм, Тимур Бекмамбетов, Тимур Құлыбаев, Денис Тен, Қазақстан
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тен армандаған академия қайда ашылатыны белгілі болды
Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы
Алматыда Денис Тенге мемориалды тақта орнатылғаннан кейін шу шықты
Димаш Лондондағы концертінде Денис Тенге арналған әнін орындайды
Загрузка...