Мәдениет

Димаш Құдайберген Қытайда басты жаңа жыл шоуының түсіріліміне қатысты

© Sputnik / Виктор ТолочкоДимаш Құдайбергенов
Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші қытайдың "I am Singer" шоуына қатысқаннан кейін бүкіл әлемге танылды

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Дүниежүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жаңа жыл шоуының түсіріліміне қатысты.

Ол Instagram-дағы парақшасында түсірілім барысынан фотосуреттер жариялады.  

"Бүгінгі CCTV арнасының жаңа жылдық түсірілімінен. Шэньчжэнь қаласы", — деп жазды әртіс. 

Сонымен қатар, әнші түсірілім жұмыстарынан кейін түскен суретін жүктеді, онда өз фанаттарының жанынан өтіп бара жатқаны көрініс тапқан. Қазақстандық әншінің өнерін құрметтеушілердің кейбірі оған қолын созып жатса,  енді бірі осы сәтті смартфонға түсіріп тұр. 

 

Димаштың фотосуреттері тыңдармандарын бей-жай қалдырмады. Аз уақыт ішінде Құбайбергеннің жазбасына 34 мың лайк басылып, 700-ден астам пікір жазылды.  

Сондай-ақ сенбі күні Димаш Құдайбергеннің YouTube-тегі арнасында қытай тіліндегі жаңа The Meaning of Eternity композициясының видеосы жарияланды.  

Жаңалықтар
0