Мәдениет

Қазақтың бүркітші қызын Моңғолия президенті марапаттады

© Photo : Служба центральных коммуникацийБүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы
Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айшолпанға Моңғолияның туризм саласын дәріптегені үшін орден берілді

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Моңғолияда тұратын қазақтың әлемге әйгілі бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы марапатталды.

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың шешіміне сәйкес, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы "Алтан гадас" орденімен (Поляр жұлдызы) марапатталды, деп хабарлады Prosports.kz. 

Айшолпан Нұрғайып - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әлемге әйгілі бүркітші қазақ қыз Бурабайға келді

Бұл орден Айшолпанға Моңғолияның туризм саласын және дәстүрді дәріптегені үшін берілді.  

Естеріңізде болса, 2014 жылы ағылшынның "Daily Mail" басылымы құсбегілік өнерін игерген 13 жастағы қазақ қызы туралы мақала жариялап, Айшолпанды бүкіл әлемге танымал еткен болатын.

Осы күнге дейін әлемнің 30 елін аралап үлгерген бүркітші қыз қыркүйек айында Қазақстанға алғаш рет келіп, БАҚ-қа сұхбат берді. 

"Бүркітті алғаш рет қолға үйрете бастағанымда көптеген адам маған қарсы шықты. "Қыз балаға бүркіт ұстауға болмайды. Олар үйде отыруы тиіс" деп айтты. Бұдан да өзге көптеген сын айтылды. Бірақ мен бәрін жеңіп шығып, өзімнің нағыз бүркітші қыз екенімді дәлелдедім", — деді ол.


Жаңалықтар
0