Димаш ҚҰдайберген Песня года-2018 концертінде

Үш елде көрсетіледі: Димаштың Жаңа жылдағы өнерін қайдан тамашалауға болады

763
(Жаңартылды 11:38 01.01.2019)
Жаңа жыл мерекелерінде Димаш бірден үш елдің – Қазақстан, Ресей және Қытайдың мерекелік бағдарламаларында ән шырқайды

АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзі қатысатын Жаңа жылдық бағдарламалардың шығу кестесін жариялады.

31 желтоқсан күні Қытайдың Beijing TV арнасы жергілікті уақыт бойынша сағат 19:30-да (Астана уақыты бойынша 17:30) New Year Global Gala концертін көрсетеді. Димаш Screaming, Lively Planet and Moonlight Mama әндерін орындады.

Тікелей эфир қолжетімді болады, деп жазып жатыр "Димаш Құдайбергенов" тобындағы жанкүйерлер.

Qazaqstan телеарнасында Димаштың қатысуымен Жаңа жылдық бағдарлама Астана уақытымен сағат 21:50-де басталады. Қазақстандықтар оның өнерін бағдарламаның екінші бөлігінде, сағат 00:00-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзінен кейін тамашалай алады.

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні әртіс "Голубой огонек" телебағдарламасына шығады. Ол "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Астана уақыты бойынша жаңа жылдық шоу арнада 23:00, онлайн 03:00-де басталады.

Жаңа жылда, 1 қаңтар күні  "Россия 1" арнасында "Песня года 2018" мерекелік концертінің алғашқы бөлігі шығады. Жанкүйерлер теледидардан Мәскеу уақытымен 14:20-да (Астана қаласында 13:20) көрсетілетінін хабарлады. Онлайн-көрсетілім Мәскеу уақыты бойынша сағат 14:20, ал Астана уақытымен сағат 17: 20-де өтеді. "Песни года 2018" концертінің екінші бөлімі 2 қаңтарда сағат 10.20-да теледидардан көрсетіледі.

2 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да Димаш CCTV3 телеарнасындағы Fantasy Carnival шоуында өнер көрсетеді. Ол сахнаға Lively Planet әнімен 19-шы болып шығады.

Бірегей дауыс иесі Димаш Құдайберген Қытайдың I am a singer ән байқауынан кейін үлкен танымалдылыққа ие болды. Оның таланты көптеген әлем жұлдызын, атап айтқанда, Лара Фабиан, Джеки Чан, Ева Лонгория сияқты дарындарды таңғалдырды. Келесі жылы, 22 наурызда Димаш Мәскеуде жеке концертін береді.   


763
Кілт сөздер:
мереке, жаңа жыл, Димаш Құдайберген, Ресей, Қытай, Қазақстан
Тақырып бойынша
Елбасы Димаштың өнеріне қатысты: мәдениетімізді жұртқа паш етуде батыл болуымыз керек
"Лұқпаннан Майкл Джексонға дейін". Димаштың стилі қалай өзгерді?
Димаштың Лондондағы концерті – толық видео
Димаш пен Данэлия Төлешова Америкада әлемдік дарындылар шоуына қатысты
Димаш енді Америка сахнасында ән шырқайды — видео
Загрузка...