Мақпал Жүнісова

"Әнші қыздардың бірі": Мақпал Жүнісова бағалы әшекейлерін кім ұрлағанын айтты

8715
(Жаңартылды 19:11 09.01.2019)
Халық әртісі осы жағдайдан кейін қонаққа кішкене сырғамен баруға мәжбүр болғанын жазды

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бағалы әшекейлерінің қолды болғанын жазды. Ол бұл туралы Астана қаласынан Алматыға келгенде бірақ білген.

"Барлық жамандық осы сырға мен сақинаны ұрлаған адаммен бірге кетсін. Астанада өткен "Ән мен әнші" концертінен кейін көзден ғайып болды. Жалпы ұрлық түбі қорлық екенін ұмытпаған абзал", — деді әнші.

Аталған концерт 20 желтоқсан күні бейбітшілік және келісім сарайында өткен болатын. Сондай-ақ, әнші әшекейлерін кімнің ұрлаған болуы мүмкін екенін болжады.

"Әнші қыздардың бірі немесе сол қыздардың жанында жүрген бояндырып, киіндіріп жүргендер деп жорамалдадым. Өйткені киінетін жерге бәрі кіріп алып еді", — деді ол.

Халық әртісі концерттен кейін Қарақат Әбілдинаның үйіне қонаққа барып, сол жерде кішкене сырғамен отыруға мәжбүр болғанын, алдағы уақытта мүмкіндігінше сақ болуға тырысатынын айтады.

"Өте ыңғайсыз екен. Бұдан кедей болып қалмаспын. Дегенмен өте сақ болатын болдық", — деді ол.

Мақпал Жүнісова мұндай жағдай басында бесінші рет болып отырғанын жасырмайды. Бұл жолы таза бриллианттары қолды болған.

8715
Кілт сөздер:
әшекей, халық әртісі, ұрлық, Мақпал Жүнісова
Тақырып бойынша
Мақпал Жүнісова туралы не білеміз?
"Апа деп жүгіруші еді". Мақпал Жүнісова Медеу Арынбаевқа неге ренжігенін айтты
Мақпал Жүнісова марқұм жұбайымен түскен жантебірентерлік видео жариялады
Мақпал Жүнісова: Біздің ерке баламыз ғой, Төрешті кешіріңіздер
Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды
Степногорскіде алаяқтар 90 жастағы зейнеткерлердің 1,6 млн астам теңгесін қолды етті
Оңтүстік Қазақстанда алаяқ жігіт қыздарды кездесуге шақырып, бағалы заттарын тонаған
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

297
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

297
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

180
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

180
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Архивтегі фото

"Жалаңаш кісіні көрдім": Сәтбаевтағы сойқанға қатысты тың дерек шықты   

789
(Жаңартылды 12:30 08.08.2020)
62 жастағы күдіктінің әйелі, бөлек тұратын балалары мен немерелері бар болып шықты. Қылмыс жасалатын күні әйелі саяжайға кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Сәтбаевтағы тұрғындар мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін ұсталған адамдар саны 19-ға жетті.  

Тергеу амалдарында бұл сан еселеп өсуі мүмкін. Өйткені 24  шілдеге қараған түні қалада ойран салғандардың саны мыңға жуық. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылған, деп хабарлады КТК.

Айта кетейік, қақтығысқа қалада жоғалған 5 жастағы қыздың ересек көршісінен қорлық көруі себеп болды. Ашынған топ полициядан күдіктіні беруді талап етіп, істің соңы насырға шапқан болатын.

Сәтбаевтағы бүгінгі тіршілік қалыпты. Астан-кестеңі шыққан подъезд де тыныш. Тек сол күнгі оқиғаны тұрғындар көпке дейін ұмыта алмайды. 

Сәтбаевтағы оқиға: полицияның педофилді үйінен қалай алып шыққаны белгілі болды 

Жоғалған бүлдіршінді табуда бейнекамераның көмегі зор болған. Өйткені бейнетаспада қыздың подъезге кірген сәті бар да, шыққаны жоқ. Сондықтан полиция мен еріктілер подъездегі барлық пәтерді тінти бастаған. Күдік тудырғаны – есігін ашпаған бірінші қабаттағы пәтер.

"Адамдар терезеден іште біреу бар екенін байқап қалды. Полиция қызметкерлері есікті сындырып, ішке кірді. Денесін жалаңаштаған кісіні ұстап жатқанын өз көзіммен көріп, камераға түсіріп тұрдым. Сосын ашынған халық терезені шағып, торын жұлып алды. Ішке жастар кіре бастады", - дейді Сәтбаев қаласының тұрғыны Ботагөз Бұшманова.

Қызды ата-анасына беріп, күдіктіні шығармақ болғанда ойран басталған. Ашу-ызыға ерік бергендер пәтерге баса көктеп кірген. Үй алдында азғантай полицейлердің ырқына көнбеген қарақұрым жұрт есік алдындағы мүлікті де талқандауға кірісіпті. Істің насырға шапқанын көрген полицейлер күдіктіге полиция киімін киіндіріп үйден алып кеткен.

"Оны үйден алып шығу қиын болғаннан кейін киімін ауыстырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. Содан жиналғандар полиция бөліміне келді. Бақылау пунктін сындырып, тас лақтырып, біраз шығын келтірді", - дейді Сәтбаев қалалық ПБ бастығы Жандос Қарабеков.

Полиция бөлімінің алдында бірнеше қызметтік көлік талқандалып, бір жеңіл көлік пен автобус өртенді. Ғимарат та зақымдалған. Жалпы келген шығын көлемі 60 миллион теңге.

Оқиғадан екі апта өткенде ғана басты күдіктінің пәтерін жақындары жинастырып жүр. Сұхбаттан ат-тонын ала қашты. Белгілісі, 62 жастағы тұрғынның әйелі, бөлек тұратын балалары мен немерелері бар екен. Сол күні оның әйелі саяжайға кетіп, күдікті үйде жалғыз қалған.

Тергеу мәліметінше оған адам ұрлау және зорлау баптары бойынша айып тағылған.  

789
Кілт сөздер:
полиция, қақтығыс
Тақырып бойынша
Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
Тәртіпсіздіктен кейін Сәтбаев қаласында қазір не болып жатыр – видео
Сәтбаевтағы толқу: бес жасар қыздың ата-анасы үндеу жасады
Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған бейтаныс адам қарсылыққа тап болды – видео