Мәдениет

Қытайдағы қазақтар туралы фильм әлемнің назарын аударды

© Photo : pixabay.comСъемка фильма, иллюстративное фото
Съемка фильма, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушылар түсірген "Оралман" фильмі халықаралық фестивальде топ жарды

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Павлодарда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары түсірген "Оралман" фильмі халықаралық "PLURAL +" фестивалінде Reza Visual Academy номинациясына ие болды.

Бұл туындыны 11 сынып оқушылары Абылайхан Мұстафин, Сағымбай Мекеш  және Диас Қабыкеш үшеуі бірлесіп түсірген, деп хабарлады pavlodarnews.kz. 

Режиссер Сергей Дворцевой мен актриса Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Айка" фильмі Норвегиядағы кинофестивальде жеңімпаз атанды

"Мен Қытайдан тарихи Отанына оралып, ата-анасының арманын орындаған оралманның рөлін ойнадым, — дейді Абылайхан Мұстафин. – Осылайша біз көрерменге көшіп-қону қандастарымыз үшін жеңіл түспейтінін көрсеткіміз келді". Сағымбай Мекештің айтуынша, түсірілімге екі апта уақыт кеткен. Аталмыш фестиваль 2009 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылады. Ереже бойынша әлеуметтік интеграция, миграция тақырыбында бір видео түсіру керек болған.

Биыл фестивальге әлемнің 72 мемлекетінен  келіп түскен 371 видеоның 28-і  ғана номинацияға ие болды. Оның ішінде қазақ тілінде ағылшын тіліндегі субтитрлармен  көрсетілетін "Оралман" фильмі бар. 

"Бізге мектебіміздегі медиа орталықта жинаған тәжірибеміз септігін тигізді", — дейді Диас Қабыкеш. – Камераны орталықтан алдық. Төрт минут 30 секундтан тұратын фильм қаладағы темір жол сапаржайы мен құрылыс алаңында, мектепте түсірілді. Кәсіби мамандардың көмегіне жүгінбестен осындай кино жарыққа шығардық. Ең бастысы,  осы фильм арқылы көпшілікке өз ойымызды жеткізе білдік деп ойлаймын".

Айта кетерлігі, Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде номианцияға ие болған фильмдер көрсетілген. Алдағы уақытта "Оралман" фильмі Біріккен Ұлттар ұйымының барлық ресми шарасында көрсетіледі.


Жаңалықтар
0