Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мәдениет министрі: Гауһар Әлімбекованың алаяқтың құрбаны болғанына сенемін

104
Алты жылға сотталған әнші 4 ақпан күні қолхатпен түрмеден босатылды

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жуырда сотталған Гауһар Әлімбекованың кінәсіз екеніне сенетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Гауһар Әлімбекованың адвокатымен сөйлестік. Оның алаяқтың құрбаны болғанына сенемін", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Министр әншінің бостандыққа шығуы үшін 40 мың долларды жинауға қатысқанын атап өтті.

"Ең бірінші 40 мың долларды төлеу керек болды. Қазақстан әртістері бірігіп, осы соманы жинайық деп үндеу жасады. Әрине, мен де оған қатыстым. Осы соманы төлегеннен кейін, жәбірленуші арызын қайтарып алады", - деді Мұхамедиұлы.

Айта кетсек, кеше, 4 ақпанда әнші сот үкімі күшіне енгенге дейін қолхатпен босатылды. Әзірге Әлімбекова үйқамақта болады.

30 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты өнер жұлдызын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Әншімен қоса сот алдында 2016 жылы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған Феруза Ордабаева да жауап берді. Анықталғандай, айыпталушылар танысына ірі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып беруді уәде етіп, ақшаны қайтармай қойған.

Феруза Ордабаева 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол бұған дейін де сотталғаны, жазасының бір бөлігін әлі өтемегені белгілі болды.

104
Кілт сөздер:
Гауһар Әлімбекова, Мәдениет және спорт министрлігі, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Тақырып бойынша
"Алланың осы сынақты бергеніне шүкір" Гауһар Әлімбекова түрмеден хат жолдады
Гауһар Әлімбекова тұрмыс құрды
Бостандыққа шыққан Гауһар Әлімбекова халыққа видеоүндеу жасады
Заңгер Гауһар Әлімбекованың қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтты
Загрузка...