Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген Америкада жеке концертін беруі мүмкін

202
Концерттің өтетін күні америкалық тараппен жүргізіліп жатқан келіссөзден кейін белгілі болады

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке ән кешін өткізуі мүмкін. Бұл туралы бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі таңда мәдениет және спорт министрлігі әртістің Нью-Йорктегі "Мэдисон-сквер-гарден" аренасында жеке концертін ұйымдастыру туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

"Бұл оңай шаруа емес. Уақыт керек. Елестетіп көріңіздерші, 15 мың көрермен. Әрине, Димаш шоудың америкалық орындаушылардан еш кем түспегенін қалайды. Бірақ, бұған жақсы репертуар, студия, артта билейтін әртістер керек", - деді Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Димаш Қытайдағы қандастардың мәселесі туралы пікір білдірді

Министр Димаштың концертін өткізуге демеушілер көмек көрсететінін, сондай-ақ билеттерді сатудан түскен ақша жұмсалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысқан америкалық The World's Best шоуы CBS арнасының эфиріне қашан шығатынын айтты.

"Ақпанның екінші жартысында америкалық шоу эфирге шығады. Осы бағдарламадан кейін Америкада Димаш пен Данэлияның танымалдылығы мүлде өзгеше болатынына сенімдімін", - деді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, CBS телеарнасы өткен жылдың қарашасында алғаш рет Алматыда реалити-шоу түсірген.
Бұған дейін Димаш Құдайберген Астана күніне орай елордада концерт беретінін мәлімдеген еді.

Димаш Құдайберген бәрін басынан бастайтынын айтты

202
Кілт сөздер:
жеке концерт, АҚШ, Димаш Құдайберген
Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (116)
Тақырып бойынша
Димаш Қытайдағы тағы бір танымал байқауға шақырылды
Димаш Құдайберген Ақтөбеде концерт қояды
Димаш Құдайберген тыңдармандары біле бермейтін кемшіліктері туралы айтты
"Айды аспаннан бір-ақ шығар": тыңдармандары Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді
"Сіздерге деген сағынышпен": Димаш Астанаға тарту жасайды
Димаш әлемдік деңгейдегі қандай композиторлармен жұмыс істейтінін айтты
Загрузка...