Мәдениет

Димаш Испанияда түсіріп жатқан бейнебаянының суреттерін көрсетті

© AP Photo / Jordan StraussДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның танымал әншісі "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсіріп жатыр

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Әлемдік деңгейде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында Испанияда түсіріп жатқан жаңа бейнебаянының суреттерін жариялады.

Бейнебаянның режиссері – украин клипмейкері, "Орел и решка" бағдарламасының продюсері әрі бұрынғы жүргізушісі Алан Бадоев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Жаңа бейнебаян ресейлік композитор Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әніне түсіріліп жатыр.

"Құрметті достар. "Любовь уставших лебедей" музыкалық бейнебаянының түсірілімі кезіндегі бірнеше суретпен бөлісуді жөн көрдім. Видеоның режиссері – Алан Бадоев. Өздеріңіз байқағандай, видео фэнтези стилінде түсірілген. Әулие Валентин күні құтты болсын, достар. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды Димаш ағылшын тілінде.

Қазақ әншісі бұдан бұрын осы бейнебаянды түсіру үшін Испанияға кеткенін хабарлаған еді.

Жақында Димаш Құдайберген CBS америкалық телеарнасының The World's Best шоуына қатысты. Бірінші тур қорытындысы бойынша жоғары балл жинап, келесі кезеңге өткен.

Жаңалықтар
0