Мәдениет

Құрманғазы оркестріне 85 жыл: өнерпаздар әлемдік хиттерді орындады - фото

© Sputnik / Batyrshin Timur"Оркестр түні: Әлемнің хит әндері" кеші
Оркестр түні: Әлемнің хит әндері кеші  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оркестрдің 85 жылдығына орай Алматыда "Оркестр түні: әлемдік хиттер" кеші өтті

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik, Айгерім Таубай. Ұлттық музыкалық өнер ұйытқысы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестріне биыл 85 жыл. Құрманғазы оркестрі – Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі  тұңғыш оркестр. Оркестрдің тарихы 1934 жылы Ахмет Жұбановтың оркестрдің дирижері мен көркем жетекшісі болып тағайындалған кезден бастау алады. Оркестрдің 85 жылдығына орай Алматы қаласында "Оркестр түні: әлемдік хиттер" кеші ұйымдастырылып, қалың көрерменнің жүрегіне жол тапты. 

"Әр ұлттың, мемлекеттің өзінің төл өнері, салт пен дәстүрі, музыкалық аспаптары болады. Адам ретінде жер бетінде мәңгілік емес, ал әр ұлттың музыкасы, төл аспабы – мәңгілік мұра. Қорқыт бабамыздың музыкасы соның бірден-бір дәлелі. Құрманғазы оркестрі академик Ахмет Жұбанов ХХ ғасырда құрған сәттен бастап ұлттық болмысымызды әлемге танытып келе жатқан бірден-бір оркестр. Елбасымыздың өзі Құрманғазы оркестріне "Қазақтың інжу-маржаны" деп баға берген болатын. Артылған сенімді ақтап, халықтың рухани баюына өз үлесімізді қосудамыз",  - дейді oркестр директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дауешов.

© Sputnik / Тимур Батыршин"Оркестр түні: Әлемнің хит әндері" кеші
Құрманғазы оркестріне 85 жыл: өнерпаздар әлемдік хиттерді орындады - фото - Sputnik Қазақстан
"Оркестр түні: Әлемнің хит әндері" кеші

85  жыл ішінде Құрманғазы оркестрі әлемнің 80-ге жуық елінде өнер көрсеткен. Қазір ұжымда 85 музыкант жұмыс істейді. Оркестрдің репертуарында 4000-нан аса туынды бар. Окестрдің бас дирижері – жас та болса бас болып жүрген "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Абылай Тілепберген. Оркестрдің бас концертмейстері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев.

"Оркестрдің мақсаты Елбасымыз өз сөзінде айтқан "Мәңгілік ел" жолындағы мәңгілік мұрамызды мәңгілікке қалдыру. Алдағы концерттік жоспарымыз да осы заманға сай, жастардың да, үлкен буынның да көңілінен шығатындай етіп құрылды. Жастарды мәдениетке баулып, рухани құндылықтарды ұлттық аспаптар арқылы бойына сіңірсек дейміз", - дейді оркестр директоры.

Нұрғиса Дауешовтың айтуынша, қазақ бар жерде Құрманғазы оркестрі бар, қазақ бар жерде Құрманғазы бабамыз, қазақтың күйі бар. Бүгінгі оркестрдің көрермені деп аға буыннан мектеп жасындағы баланы атауға болады.

Әлемдік хиттерді жастар жылымен байланыстырып қойып отырған оркестр "My heart will go on", "I will survive", "Shape of my heart", Карл Дженкинкстің "Palladio" әнін орындап шықты. Ұлттық аспаптар арқылы әлемнің кез келген музыкасын көрсетуді мақсат еттік дейді ұйымдастырушылар.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurҚұрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов
Құрманғазы оркестріне 85 жыл: өнерпаздар әлемдік хиттерді орындады - фото - Sputnik Қазақстан
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов

"Оркестр түні - өзіміздің музыкамыздың басқа халықтармен дәрежесі тең екенін дәлеледеу мақсатында жасалып жатқан дүние. Әлемдегі ең танымал музыкаларды алып отырмыз. Арасында әрине қазақтың күйлері бар. Құрманғазының "Сарыарқасы" - оркестрдің төлқұжаты. "Адай" күйі де, "Дудар–ай" әні де өзінің тыңдарманын тапқан мұраларымыз", – дейді оркестр дирекоры.

Құрманғазы - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы туралы не білеміз?
Оркестрдің тарихына үңілсек, 1944 жылы құрылғанына 10 жыл толуына орай оркестрге әйгілі күйші Құрманғазының аты берілді. 1978 жылы академиялық оркестр болды,  ал 1984 жылы оркестр "Халық достығы" орденімен марапатталған.

"Оркестрдің соңғы жылдардағы жетістіктерінің бірі ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен үлкен ғимаратқа көшкенімізді айта аламын. Бұрынғы Қазақконцерт ғимараты Құрманғазы оркестріне берілді. 4000 шаршы метр көлемі бар ғимарат, біздің жұмыс істеуімізге, жаңа концерттік бағдарламалар әзірлеуге мүмкіндік тудырып отыр. 500 орындық залы бар, сахнасы да бұрынғыдан үлкенірек. Алдағы уақытта "Цифрлы Қазақстан" аясында концерттерімізді цифрлы жүйеде өткізсек деген ойымыз бар", – деді Дауешов.

Оркестрдің 85 жылдығына арналған концертте көпшілікке танымал Мирас пен Құралай Бекжановтар, Жеңіс Ысқақова, Satzhan Project өнер көрсетті.

"Құрманғазы оркестрі – қазақ халқының музыка әлеміндегі төлқұжаты. Әлемдегі хит әндерді ұлттық аспаптарымызбен орындайтын оркестр.  Бүгінгі "Оркестр түні: әлемдік хиттер" кеші тағы да музыканың шекарасы жоқ екенін, шексіз, шетсіз екенін дәлелдеп отыр. Біздің әлем музыкасын орындауымыз – ұлттық аспаптар дыбысының кеңдігін көрсетіп, мүмкіндігінің шексіз екенінің дәлелі", – дейді әнші Жеңіс Ысқақова.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurЖеңіс Ысқақова
Құрманғазы оркестріне 85 жыл: өнерпаздар әлемдік хиттерді орындады - фото - Sputnik Қазақстан
Жеңіс Ысқақова

Әншінің айтуынша, мұндай концерттерді жиі өткізіп тұру керек. Адасып жүрген жастарды тура жолға салуда музыканың алатын орны ерекеше. Оны ұлттық аспаптармен ұштастыра білсек құба–құп.

"Халық аспаптары оркестрінің әдемдік хит әндерді орындауы аспаптардың мүмкіндігін көрсетеді. Сол арқылы өз бағасын алады. Біз алғаш рет Құрманғазы оркестрімен ән орындадық. Ұсыныс түскен кезде қуана қабыл алдық. Орыс әндерін Құралай екеуміз орындаймыз. Алдағы уақытта Мәскеуге оркестрмен бірге іс–сапарға бару жоспарланып қойды. Біз орындаған В. П. Совольев–Седойдың "Подмосковные вечера", Раймонд Паулстың "Миллион алых роз" , А.Зацепиннің "Мама" әні де соған лайықтап таңдалды",  – дейді Мирас Бекжанов.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurМирас пен Құралай Бекжановтар
Құрманғазы оркестріне 85 жыл: өнерпаздар әлемдік хиттерді орындады - фото - Sputnik Қазақстан
Мирас пен Құралай Бекжановтар

Окестр директорының айтуынша, оркестр қрамындағылар осында жас кезінде келіп, зейнетке де осы жерден шығады. Бұл оркестрдің тұрақтылығының көрінісі дейді.

Жаңалықтар
0