Тоқтар мен Бейбіт, қазақстандық эстрада жұлдыздары

"Жиіркендім": Тоқтар Серіков сахнаға неге жиі шықпайтынын айтты

15981
(Жаңартылды 21:43 24.02.2019)
Әнші сахнаға шашын бояп, құлағына сырға тағып шығатын әртістерді сынға алды

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Танымал әнші Тоқтар Серіков "The Эфир" бағдарламасына берген сұхбатында соңғы кезде сахнаға неге жиі шықпайтынын айтты.

Серіковтың айтуынша, шашын бояп, құлақтарына сырға салып, аулары салақтаған әншілермен қатар жүргісі келмегендіктен, көптен бері сахнада көрінбей кетіпті.

"Бұл өздігінен болған дүние емес. Қызтекелерден жиіркендім. Құрысыншы! Олар - таза қызтекелер, түрлерінен көрініп тұр ғой. Нағыз еркек болса, сондай шалбар кие ме, сондай іс істей ме? Олар – қызтеке. Ол анық. Шаш жасайтын біреулер жүреді. Олар да қызтеке. Одан қалса, біздің әнші бауырларымыз бар. Астапыралла, қарындастарымыз болып кеткен бе? Бір пәле өздері. Айтуға ұят. Олармен сахнада жүргім келген жоқ", - деді әнші.

Сонымен қатар, Тоқтар Серіков балаларының Ninety one тобын тыңдамайтынын атап өтті.

"Олар 100% тыңдамайды. Нанбасаң, телефон шал. Ninety one десе, бірден тыңдағысы келмейді. Басында көрген бетте балаларға түсіндірдім", - деп түйіндеді сөзін ол.

Тоқтар мен Бейбіт туралы не білеміз?

15981
Кілт сөздер:
NINETY ONE, Тоқтар Серіков
Загрузка...