The World's Best шоуының жеңімпазы Лидиан Надхасварам

Димаш қатысудан бас тартқан шоудың жеңімпазы анықталды

3621
(Жаңартылды 10:49 14.03.2019)
Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова америкалық таланттар шоуының финалына өте алмады

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Үндістандық тоғыз жасар пианиношы Лидиан Надхасварам The World's Best таланттар шоуында жеңіске жетті.  

Талантты бала миллион доллар алып, "Әлемнің үздігі" атағын иеленді.

Жас пианиношы финалда Бетховен мен Шопеннің туындыларын бірден екі рояльда ойнап шықты.

 Лидиан финалға шығу үшін Қазақстанның екі өкілі – Димаш Құдайберген және Данэлия Төлешовамен сайысқа түсті. Димаш балалармен жарысқысы келмейтіндіктен жобадан өз еркімен кетті, ал Данэлия соңғы кезеңге өте алмады.

Топтасып өнер көрсету санатында финалға таэквондошылар шықты. Қазылар мен сарапшылардың шешімімен жеңіс үндістандық қатысушыға бұйырды. Пианиношы 84, ал спортшылар 63 дауыс алды.

 

3621
Кілт сөздер:
шоу, The World's Best, Данэлия Төлешова, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Данэлия Төлешованың дарындылар шоуында айтқан әнінің видеосы шықты
Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кетті – видео
"Біз 1-орындамыз" Димаш The World's Best финалы алдындағы нәтижені жариялады
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесінде" 6-орын алды
Загрузка...