Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кейін тыңдармандарына үндеу жасады

1743
Миллионды бағындырған қазақ әншісі фанаттарына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген The World's Best шоуы аяқталған соң тыңдармандарына үндеу жасады. Айта кетсек, ол жартылай финалда өз қалауымен жобадан кеткен болатын.

Әнші Instagram парақшасында фанаттарына үндеу жариялапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

"Құрметті, dears! Сіздерге шын жүректен алғыс айтқым келіп отыр. Менің финалдан бас тартуыма қарамастан, телекөрермен шешімі бойынша 1-орын алғаным сіздердің арқаларыңызда. Барша дауыс берген әлемдегі әр тыңдарманымның алдында басымды иемін. Менің әр қадамымды, әр шешімімді қолдап, үлкен сенім артқандарыңызға мың мәрте рахмет", - деп жазды ол постында.

Димаш бұл жеңісін Қазақстандағы және әлемдегі барлық жанкүйеріне арнап, шоу жеңімпазы Лидиан Надхасварам мен еліміздің намысын қорғаған тағы бір отандасымыз Данэлия Төлешованы жетістігімен құттықтады.

"Халыққа қалаулы, елге елеулі азамат болып өсіңдер. Өнерлеріңмен талғамы биік көрермендердің көзайымы болып, болашақта Селин Дион мен Моцарт сынды үлкен жұлдыз болыңдар", - деп жас дарын иелеріне тілектестігін білдірді.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген америкалық дарындылар шоуының жартылай финалында конкурсты әрі қарай жалғастырмайтынын мәлімдеген болатын. Ол жобаға қатысушы жас буын өкілдеріне жол бергісі келіп, осындай шешім қабылдағанын айтты. Нәтижесінде әлемдік байқаудың бас жүлдесін Үндістаннан шыққан 12 жастағы пианист Лидиан Надхасварам қанжығасына байлады.

1743
Кілт сөздер:
Instagram, үндеу, Димаш Құдайберген
Загрузка...