Мәдениет

"Бір көзім көрмейді" Қазақстандық танымал әнші әріптестері жайлы шындықты айтты

© PhotoМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серікбол Сайлаубектің пікірінше, мемлекет әншілердің жағдайын жасауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Танымал әнші Серікбол Сайлаубек "Бірінші Еуразия" телеарнасындағы "Басты бағдарламада" неліктен салық төлемей жүргенін айтты.

Қалыңдық пен күйеу жігіт - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Тойға тегін де барамыз": Халықтың қалтасына қарайтын әншілер кімдер?
Сайлаубектің пікірінше, мемлекет әншілерге салық төлетпес бұрын олардың жағдайын жасауы қажет.

"Мен салық төлемеймін. Бала-шағамды бағу үшін әлек болып жүрмін. 16 жасымда "пенсияға" шықтым. Бір көзім көрмейді, екіншісі нашар көреді. Үкіметтен зейнетақы аламын", - деп әнші ағынан жарылды.

Сонымен қатар ол әншілердің "барлығы жақсы өмір сүреді" деген ұғымды жоққа шығарды.

"Әншілердің "өмірі өмір ғой" дейтіндер көп. Бірақ олар қандай өмірде жүргенімізді біле ме? Ақшаны табасың, әніңді жазасың. Аранжировкаға 2 мың доллар, басқа шығындарға 3 мың доллар кетеді. Халықтың алдына киіп шығатын киімің бар. Сосын бейнебаян түсіру керек. Оны түсіргеннен кейін телеарналар тегін көрсете ме? Ол да ақша. Концерт қою үшін 4 миллион теңге табу керек. Оны табу үшін бала-шағаңды көрмей, бүкіл Қазақстанды аралап тентірейсің", - дейді Серікбол Сайлаубек мұңын шағып.

Сұқбат барысында әнші ресми түрде жұмыс істемейтінін, негізгі табыс көзі той екенін жасырмады.

"Ресми түрде жұмысым жоқ. Табыстың көзі – той-томалақ, басқа табыс жоқ. Ақша табасың, пәтердің ақысы келіп тұрады. 4 балам бар. 2 баланың мектебіне, қосымша сабағына, ішкен тамағына төлейсің. Сонымен қатар өзіңнің жұрыс-тұрысың бар. Қасыңда көлік жүргізіп жүрген ініңнің жалақысын төлейсің", - дейді ол.

Мақпал Жүнісова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Әнші қыздардың бірі": Мақпал Жүнісова бағалы әшекейлерін кім ұрлағанын айтты
Сондай-ақ әнші кей кездері тіпті тойға тегін шығатынын айтып қалды.

"Ақшаға өнер көрсеткеннен көрі тегін көп жүреміз. Туған-туысқаның, дос-жараның бар. Олардың тағы араласатын достары бар. Бармасаң тағы ренжиді. "Жұлдыз" болып кеттің бе?" дейді. Ол да бар", - дейді Серікбол Сайлаубек.

Әңгіме барысында эстрада жұлдызы әлі күнге дейін пәтер жалдап тұратынын, алаяққа алданып, көлігінен де айрылып қалғанын айтты.

"Бір алаяққа алданып қалдым. Ол көлігімді сатып жіберді.  Қазір іс қозғалды. Көлікті іздеп жатырмыз", - деді әнші.

Жаңалықтар
0