Димаш Құдайберген  The World's Best шоуы

Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты

20255
Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі Нұрлан Өнербаев Димаштың шығармашылығына зор бағасын берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Димаштың Мәскеудегі концертінен кейінгі ойымен бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұрлан Өнербаев (@onerbay_nurlan)

"Тағы бір жаңа биік. Тағы бір жаңа белес. Ән әлеміндегі бұған дейін ешбір әнші жете алмаған биікке біздің Димашымыз жетіп қана қойған жоқ,ол одан асып түсті. "Бәрекелді!" дейміз. Осындай ұлдың өзіңнен шыққанына және қазақ болғанына, қазақ болғанда да қаны бар, намысы бар қазақ болғанынан айналып кетпейсің бе, ағайын? Қашаннан елдің, жердің атын шығаратын да, әйгілейтін де сол елдің өнері мен мәдениеті,тарихы болған", - дейді әнші өз жазбасында.

Ол Димаштың бойына біткен қасиеттерге де таңырқап отырғанын жасырмапты. 

Тағы оқыңыз: Әнші Димаш туралы ойымен бөлісті

"Терең тарихы мен бай мәдениетін әлемге өнері арқылы танытып келе жатқан Димаш ұлымыздың бойына көрікті, биязылықты, мәдениеттілікті, өнерді, асқақ үнді жаратушымыз қазақы мінезбен қосып, намысты қылып, аямай-ақ берген екен. Көмейіне бұлбұл ұя салған деген теңеу Димашқа ғана лайық деп санаймын. Өнер адамы ретінде білетінім, әнді әркім айтады, әңгіме сол, әнді қалай айтқанында, қалай орындағанында. Димаш дауыс қабілеті мен үн әуезділігінің деңгейін бүгінге дейін ешкім жете алмаған биікке көтеріп тастады. Бұл бес құрлық тыңдарманы мойындаған әлемдік құбылыс екеніне қуануымыз керек",- дейді Өнербаев.

Әншінің айтуынша, Димаштың орындаушылық қабілетіне баға беріп,сараптама жасаушылар ойланып сөйлеуі тиіс.

"Атам қазақ қашаннан бұлақ көрсе, көзін ашқан. Көкке ұмтылғанның көмейін тығындамай,етегінен кейін тартып, жігерін жаншымаған. Біз бір-бірімізді демесек қана, бір-бірімізге дем беріп, көтермелесек қана іргелі ел боламыз. Қазақ елінің, қазақ өнерінің, қазақ әнінің кезекті жеңісі құтты болсын! Сол жеңісті еліне жеткізген Димаштай ұлымыз аман болсын! Өнерпазымыздың жеңісті де жемісті күндері көп болсын", - дейді әнші.

Бұл жазбаны оқыған Димаштың өзі өнердегі ағасының ақ тілегіне алғысын білдірген.

"Сіздердің салған сара жолыңызбен жүру - біз үшін үлкен бақыт. Жылы лебізіңізге көп рақмет. Сіздің дауысыңызды қатты сағындық. Сізден бата алып жатқан менде арман бар ма?",- дейді танымал әнші.

Жазба екі мыңнан астам адамға ұнаған. Астында 200-ге жуық пікір жазылыпты.  

20255
Кілт сөздер:
инстаграм, әлеуметтік желілер, әнші, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Танымал рэпер: Димаш Қытайға бармай тұрып бәрің қайда болдыңдар?
Димаш Құдайберген Америка жұртшылығын аузына қаратты
Димаш Кремльдегі ән кеші алдында тыңдармандарына үндеу жасады
Димаш Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқайды
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты - видео
Загрузка...