Мәдениет

Дайыров: қазіргі жастар Балуан Шолақты фаст-фуд сататын спорт кешені деп қана біледі

© AP Photo / Alexei FilippovАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Балуан Шолақ" фильмі түсірілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазақтың халық композиторы, алып күш иесі Балуан Шолақтың өміріне арналған тарихи кинолента 18 сәуірден бастап прокатқа шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Режиссер Сергей Дворцевой мен актриса Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Айка" фильмі Норвегиядағы кинофестивальде жеңімпаз атанды
"Балуан Шолақ" фильмі мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықовтың айтуынша, фильмнің түсірілімі 2017 жылы басталып, былтыр аяқталған. Енді биыл 18 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрермендерге жол тартады.

"Қазақстанның киносын әлемге таныту мақсатында Америкамен келіссөз жүріп жатыр. Біз трейлерді жібердік, фильм оларға қатты ұнаған. Бір-екі күн ішінде субтитрмен ағылшынша нұсқасын жолдаймыз. Сондай-ақ, Дағыстанмен де келісім жасастық. 10 мамырдан бастап Дағыстанның бес қаласында "Балуан Шолақ" фильмі көрсетілетін болды", - деді Әбдіхалықов ОКҚ-де қазақстандық кинематографтың дамуы туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Фильм режиссері Нұргелді Садығұловтың айтуынша, түсірілім Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында, Павлодар мен Бурабайда өткен.

"Балуан Шолақ атамыз туралы кітаптардан немесе ауызша жеткен мәліметтер жетерлік. Бірақ, оның бәрін қамтып, бір киноға сыйдыру, өкінішке қарай, мүмкін емес. Сондықтан біз атамыздың өміріндегі жер дауына қатысты эпизодты алдық. Ондағы мақсатымыз Балуан Шолақты тек композитор, не болмаса әнші, палуан ретінде көрсету емес, елі үшін, жері үшін күрескен тұлға ретінде танытуға тырыстық", - деді Садығұлов.

Фильмде әйгілі палуанды белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров сомдаған.

Әміре фильмі - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Әміре" фильмі Голливудте үздік деп танылды
"Қазір жастардың көбі Балуан Шолақты танымайды. Тек астында KFC сататын Балуан Шолақ спорт кешені деп қана біледі. Ал шындығына келсек, бұл батырымыз біреуді боз кілемде жығып қана қоймай, ел намысын арқалап, оның ішінде қазақ өнерінің жүгін арқалағанын, сол кісіден атадан балаға мирас болып қалған музыкалық құндылықтардың бар екенін бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан Балуан Шолақ туралы тек спорт төңірегінде, болмаса өнер айналасында жүрген адамдар ғана білуі шарт емес. Мұны бүкіл халық білуі керек", - деп санайды актер.

"Балуан Шолақ" фильмі толығымен мемлекеттің қаражатына түсірілген.

Жаңалықтар
0