Мәдениет

Димаш Singer-2019 шоуында ән айтып, көрермендерді тағы таңғалдырды - видео

© Sputnik / Григорий СысоевДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші британиялық Queen рок-тобының үш әйгілі туындысын орындады

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайберген Қытайда Singer-2019 шоуының жартылай финалында қонақ ретінде өнер көрсетіп, байқаудың қатысушылары Super Vocal триосымен бірге ән айтты.

Жүргізуші қазақстандық әншінің есімін жариялаған кезде залдағы көрермендер оған зор қошемет көрсетіп, әншілерді тік тұрып қарсы алды.

Төрт әнші британиялық Queen рок-тобының әйгілі әндерінен попурри орындады. Әуелі олар лирикалық Love of my life әнін шырқаса, кейін We will rock you және We are the champions туындыларын ұсынды.

Қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде видеоны миллионнан астам адам көрген.

Жаңалықтар
0