Мәскеудегі Современник театры, архивтегі сурет

"Современник" театры Нұр-Сұлтанда екі спектакль сахналайды

83
(Жаңартылды 12:09 06.07.2019)
Басты рөлдерді Марина Неёлова, Сергей Гармаш, Иван Стебунов сынды танымал ресейлік актерлер сомдайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Мәскеудегі "Современник" театры Нұр-Сұлтан қаласында "Вишневый сад" және "Горе от ума" қойылымдарын сахналайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне театрдың директоры Игорь Попов айтты. 

Директор‎ театра Современник ‎Игорь  Попов
© Sputnik / Ксения Воронина
"Современник" ‎театрының директоры Игорь Попов

"Современник" театрының Нұр-Сұлтан қаласына гастрольдерін Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы ұйымдастырмақ.

"Современник" театры Нұр-Сұлтанда екі спектакль қояды

Елорда күніне орай мәскеулік "Современник" театры қазақ еліне гастрольдік сапармен келмек. Театр директорының айтуынша, қазір қазақстандық тараппен келіссөздер жүріп жатыр.

Театр директоры актерлердің жалақысы қанша екенін айтты

"Қазақстан астанасына гастрольдік сапарды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Нұр-Сұлтанға гастрольдік сапармен алғаш рет келейін деп отырмыз. Осыдан 6 жыл бұрын Астанада болдық. Бейбітшілік және келісім сарайында "Вишневый сад" және "Горе от ума" қойылымдарын  сахналаймыз. Марина Неёлова, Сергей Гармаш, Иван Стебунов және тағы басқа әртістер өнер көрсетеді. Сахнаны толықтай Мәскеудегідей етіп безендіреміз", - дейді Игорь Попов. 

© Sputnik / Руслан Кривобок
"Современник" театрындағы А.Грибоедовтың "Горе от ума" комедиясы, Сергей Гармаш пен Иван Стебунов

"Современник" театрының жобалары

Сонымен қатар театр директоры ресейлік әртістер Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері үшін шеберлік сағатын ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі наурыз айында Қазақстан театрлары бойынша интерактивті гид пен "Театр және жастар" арнайы жобасының тұсауын кескен болатын. Игорь Попов бұл жобаны қолдайтынын айтты.

"Театрымыз "Современник" деп аталады. Сондықтан біз заман ағымынан қалмай, жастар сияқты жалынды болуымыз керек. Көрерменіміз де жасарып келеді. Олардың орташа жасы – 25 пен 35 аралығында. Жақында театрымыз 63 жылдық мерейтойын атап өтті. Бірақ өнер ошағымыз әрқашан жас болып қала береді", - деді ол.

Айта кетейік, "Современник" театрының директоры Нұр-Сұлтанда танымал шахматшы Анатолий Карпов ұйымдастырған көрмеге қатысты. Карпов Қазақстан астанасына өте сирек кездесетін пошта маркаларын алып келген. 

Посетители выставки редких марок из коллекции шахматиста Анатолия Карпова
© Sputnik / Владислав Воднев
Танымал шахматшы Анатолий Карповтың сирек маркалар коллекциясы елордадағы көрмеге қойылды

Шараны халықаралық "Российские культурные сезоны" фестивалі аясында Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырды. Сондай-ақ көрмені өткізуге Қазақстанның ұлттық музейі, Ресей елшілігі мен "Роскосмос" компаниясы қолдау көрсеткен. 

83
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (80)
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры
САНТ театры: тарихы мен қызықты деректер
Қазақстан театрлары - интерактивті карта
Қазақстан театрының қазіргі жағдайы: өмір ме, өлместің күні ме?
Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театр
Домбыра, архивтегі сурет

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра тартты видео

289
(Жаңартылды 14:29 05.07.2020)
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбырамен қазақтың күйлерін тартып, мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Дмитрий Суворов домбыра тартып үйренді. Ол дипломаттар халық аспабын жақсы көретінін және бағалайтынын атап өтті.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ұжымы атынан сіздерді тек Қазақстанда ғана бар бірегей мереке – Домбыра күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сырт көзге қарапайым көрінген музыкалық аспаптың киелі үнінде қазақ халқының рухы мен сан ғасырлық даналығы жатыр", - деді Суворов.

Ресей елшілігінің кеңесшісі домбыра шертуді бір жыл ішінде үйреніп алған. Музыкалық аспап Ресей мен Қазақстан халықтарын етене байланыстырады, деп атап өтті ол.

"Біз, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің дипломаттары домбырада ойнағанды жақсы көреміз. Орыс халық әуендері мен қазақтың күйлері домбыра үнімен қалай үйлесетінін тыңдап көріңіздер", - деді ол.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

289
Кілт сөздер:
Ресей елшілігі, домбыра күні
Тақырып бойынша
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұлттық домбыра күні

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

180
Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.  

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.

"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев. 

Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер

Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

180
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, домбыра күні
Жүк көлігі

Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады видео

0
Полицейлер жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін айтады. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматыда самокат мінген жігіт жүк көлігінің бүйіріне соғылып, доңғалақтың астына түсіп кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, жол-көлік оқиғасы Әйтиев пен Гоголь көшелеренің қиылысында болған. Самокат мінген жігіт қатты жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп кетпекші болған.

Бірақ алдынан жүк көлігі шығып қалды. Осы кезде ол аяғын жерге тіреп, жылдамдықты барынша тежеуге әрекеттенеді. Бірақ тым кеш болды. Самокат мінген жігіт бетімен көліктің шанағына соғылып, бір айналып етбетімен құлады. Бірақ көп ұзамай, тұрып кетті. Ал самокаты көліктің астында қалып қойды. Жүк көлігінің жүргізушісі оны байқаған да жоқ, бұрылып кете берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Полиция осы жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін хабарлады. Ал әлеуметтік желілерде қолданушылардың басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр. Себебі, жол ережесі бойынша жаяу жүргіншілер жолағынан жаяу өту керек.

"Самокат мінген жігіт тоқтап, түсуі керек. Сөйтіп, жаяу жүргіншілер жолағынан өтуі тиіс еді. Жалпы, самокат пен велосипед мінгендер жолда абай болыңдар! Жол жүру ережесі қанмен жазылған, бұл жолы сәттілік серік болды. Осыдан ой түю керек", – дейді желі қолданушыларының бірі.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды – видео

0
Кілт сөздер:
Алматы, оқиғалар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті  
Алматыда жүк көлігі қарт кісіні қағып, 300 метрге сүйреп әкетті - фото
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды
Жүк көлігі бораннан қорықпайтын жүргізушілердің жолын бөгеді
Тежегіші істен шыққан: Алматыда жүк көлігі алты автокөлікті соғып кетті