Өнер қырандарының актері Жанболат Найзабеков

Жанболат Найзабеков: Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасаймын деп опық жедім

9624
(Жаңартылды 19:00 24.04.2019)
"Өнер қырандарының" актері әзіл-сықақ театры пародия жасауды неліктен кілт доғарғанын түсіндірді

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының неге бағытын өзгерткенін актер Жанболат Найзабеков "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына берген сұқбатында хабарлады.

Оның айтуынша, актер соңғы рет айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасаймын деп опық жеген. Содан соң бұл театр пародия жасауды кілт доғарған. 

"Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасауға бір ай дайындалдым"

Найзабеков айтыскерді сомдауға бір ай бойы дайындалған екен.

"Айнұр Тұрсынбаеваға жасаған пародиям өте сәтті шықты. Қаралымы да өте жоғары болды. Себебі мен көп іздендім. Тіпті домбыра ұстауына, тартысына дейін үйрендім. Бір айға жуық дайындалдым", - дейді ол.

Қыдырәлі Болманов Халыққа қызмет көрсету орталығына "жұмысқа тұрды"  

Дегенмен дін жолында жүрген актердің осы пародияға қатысты біреудің діни ескертуі жанын осып өтіпті.

"Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасағанда біреу маған хадистен мысал жіберді. Содан соң мүлде пародия жасамайтын болдым, әсіресе, әйел адамға. Хадисте "Ер адамның әйел рөлін ойнауы мұсылмандардан емес" делінеді екен. Дін жолында жүрген адам ретінде бұл сөз маған өте ауыр тиді", - дейді актер.

Осыдан бастап театр басшылығы қойылым сценарийлерін Мүфтиятпен ақылдасып шешіп алатын болыпты.

"Біз Мүфтиятпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Патриоттық кештер өткіземіз, қайырымдылықпен айналысамыз. "Қаракет" деген қор аштық. Бір жарым жылдың ішінде мұқтаж жандарға 82 үй бердік. Бұдан бөлек Мүфтиятқа өзіміз қоятын қойылымдардың сценарийін де бір көрсетіп аламыз", - дейді ол.

"Халал тойға 50 процент жеңілдік жасаймыз"

Театрдан бөлек тойларда да асаба болып қосымша ақы табатын Жанболат халал тойдың қатары көбейіп келе жатқанын айтады.

"Жанболат, Мадияр халал той бергелі жатыр едік" деп бастайды сөзін бізге хабарласқандар. Өйткені, біз әдеттегі асаба қызметінің құнынан халалға 50 процент жеңілдік жасаймыз. Әрине, арасында халал емес тойларға да шығамыз. Бірақ сирек.

Бір ағамыз айтып еді: "Барлығың халал тойға кетіп қалсаңдар, сонда халал емес тойда кім уағыз айтады" деп. Сол айтпақшы, арасында халал емесі де болады", - дейді актер.

9624
Кілт сөздер:
пародия, Айнұр Тұрсынбаева
Тақырып бойынша
Назарбаевтың дауысын айнытпай салатын актер: президенттің мінезін көрсете білдім
Азамат Мұсағалиев рэпер Jah Khalib-ке пародия жасады
Президентке пародия жасайтын белгілі актер ұсталды
Мұхамедиұлы өзінің дауысын салып, басы дауға қалған жас жігіт туралы айтып берді
Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік...
Загрузка...