Ержан Максим

Ержан Максимнің анасы "Голос. Дети" финалына қатысты пікір білдірді

2497
(Жаңартылды 16:10 28.04.2019)
Қазақстандық Ержан Максим қатысқан "Голос. Дети" шоуының айналасында жанжал шықты

НҰР-СҰЛТАН,  28 сәуір — Sputnik. Қазақстандық әнші Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек баласының "Голос. Дети" жобасында жеңбегеніне көңілі түсіп, ренжігенін айтты. Дегенмен, отбасының дау-дамай шыққан шоуға наразылығы жоқ.

"Байқаудың нәтижесіне қатысты ештеңе айтқымыз келмейді. Дауыс беру өтті, жағдайды ушықтырғымыз келмейді. Ержан жеңіске жетпегеніне, Adagio әнін сәл дұрыс айта алмағанына ренжіді", - деді Ержанның анасы "Комсомольская правда" басылымына.

"Голос. Дети" байқауының басқа қорытындысына отбасы дайын ба деген сұраққа Гүлмира Әлібек "наразылығымыз жоқ" деп жауап берді.

"Мен ешқандай түсініктеме бергім келмейді. Кешіріңіздер. Біздің ешбір наразылығымыз жоқ", - деді ол.

"Голос. Дети" жобасындағы жанжал

Голос. Дети" жобасында ресейлік әнші Алсу мен танымал бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова жеңімпаз атала салысымен, жанжал шықты.

Светлана Лобода тәлімгерлік еткен Абрамова дауыстың 56,5%-ін жинап, Валерий Меладзенің командасындағы Ержан Максим мен Пелагеяның шәкірті Валерий Кузаковты артқа тастады. Микелла Абрамова жеңіске жеткені үшін бір миллион рубль мен алғашқы әнін жаздыруға сертификат алды.

Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sholpan Tabaeva (@sholpantabaeva)

Кейбір жұлдыздар Микелла Абрамоваға қолдау білдірді.

Ержан Максим желідегі парақшасында қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын білдіріп, Максим Галкиннің видеопікірін жариялады. Жас әнші көптеген адам оның талантын бағалағанына дән риза. 

2497
Кілт сөздер:
Ержан Максим
Тақырып бойынша
"Ержан Максим – жеңімпаз!" Ресейлік әртістер "Голос. Дети" байқауын әділетсіз деп айыптады
Димаш ресейліктерді таңғалдырған 11 жастағы қазақстандық әншіге кеңес берді
Ержан Максим ресейлік байқауда ән айтып жатқан кезде стақан сынып кетті - видео
11 жастағы қазақстандық бала Ресейдің танымал әншілерін аузына қаратты - видео
"Ақшаға сатып алды" Көрермендер Ержан Максимге әділетсіздік жасалғанын айтып шулап жатыр
Загрузка...