Димаш Құдайберген, танымал қазақстандық әнші

Димаш нөсер жауынның астында концерт берді ерекше кештің видеосы

867
(Жаңартылды 12:21 29.04.2019)
Қазақстандық әнші концерт кезінде қолшатырдан бас тартып, нөсерлі жаңбыр астында ән шырқады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық жанкүйерлерге шексіз алғысын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық талантты әнші Қытайдың Чэнду қаласында концерт берген. Алайда концерт кезінде жаңбыр жауып кетті. Соған қарамастан, қытайлық әнсүйер қауым Димаштың тамылжыта орындаған әндерін соңына дейін тыңдаған. Кейін әнші жанкүйерлерінің бұл әрекетіне тәнті болып, Instagram желісіндегі жеке парақшасында оларға алғысын білдірді.

"Кешегі концертiміз жаңбырдың астында өтсе де, көңілді өткен секілді. 10 сағат жаңбырдың астында мені күтіп тұрған барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін. Рахмет, Чэнду!", - деді ол өз жазбасында.
Димаш Құдайберген Чэнду қаласындағы Mount Emei Music Festival музыкалық фестивалі кезінде ән шырқаған болатын. 
Ұйымдастырушылар Димашқа қолшатыр ұсынды. Алайда ол бас тартты.
"Маған қолшатыр керек емес, мен жанкүйерлеріммен біргемін", - деді ол. 
Айта кетсек, фестивальде танымал әнші The Crown (Тәж), Screaming (Айқай), Give me love (Маған махаббат сыйла), Battles of Memories (Естеліктер шайқасы), Restart My Love (Махаббатты қайта бастау) және Unforgettable Day (Ұмытылмас күн) композицияларын табиғи дауыста орындады. Жанкүйерлер оны сахнадан жібергілері келмеген.
867
Кілт сөздер:
жаңбыр, жанкүйерлер, Димаш Құдайберген, видео
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген Өзбекстандағы тыңдармандарын таңғалдырды – видео
"Ақшаға сатып алды" Көрермендер Ержан Максимге әділетсіздік жасалғанын айтып шулап жатыр
Димаш бала кездегі фотоларымен тыңдармандарының көңілін елжіретті
Димаштың жаңа бейнебаянын жарты тәулік ішінде 150 мың адам тамашалады
"Ән өнеріндегі құбылыс" Тоқаев Димашпен қол алысып түскен суретін жариялады – фото
Загрузка...