Мөлдір Әуелбекова

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды

3699
(Жаңартылды 11:56 29.04.2019)
Ол енді "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметін басқарады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Әнші Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды. Мекеменің директоры Жеңіс Сейдуллаұлының тиісті бұйрыққа қол қойды. 

"Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды", - деп жазылған мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, бұдан бұрын ол "Қазақконцерттің" эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсеткен.

 Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған.

Мөлдір Әуелбековаға мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы "Құрмет" ордені тапсырылды. ​ ​

3699
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, әнші, Мөлдір Әуелбекова
Тақырып бойынша
Қазақстанда ажырасқан жұлдыздар кімдер?
Баян Алагөзова: Мөлдіржан, мүмкін қалай болғанын көзіме қарап айтарсың?
Мөлдір Әуелбекова ажырасқалы күйеуінің ұлын іздемейтінін айтып жылап жіберді - видео
Мейрамбек Беспаев: Атақ үшін қырылысып, өкпелеген талай көкелерді көрдім
"Неге бермеске?" Танымал қазақстандық жас әнші атақтан дәмелі екенін жасырмады
Гүлдер, архивтегі сурет

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері қайтыс болды

12460
(Жаңартылды 17:34 17.05.2020)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зұлқаш Чапай елдегі режиссура мен актерлік шеберліктің дамуына сүбелі үлес қосты

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайракері, режиссер Зұлқаш Чапай 82-ге қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театры хабарлады.

"Абызымыздан айырылдық, Атырау облысының, Исатай ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының режиссері, актері, Қазақ өнеріне өзіндік айшықты қолдаңбасымен танылған өнер иесі, тұлға - Зұлқаш Чапай дүниеден озды", -деп жазылған театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

Марқұмның жаназасы ертең, жексенбі 17 мамыр, сағат 9.00-де өз шаңырағында оқылатыны айтылған.

Зұлқаш Чапай 1938 жылы 23 желтоқсанда Орпа ауылында туған. 1961 жылдан бастап Алматының балалар мен жасөспірімдер театрына актер болып жұмыс істеді. Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселім" спектакліндегі Ілияс рөлімен Бүкілодақтық театрлар байқауында жүлдеге ие болған.

1971 жылы белгілі режиссер Мәмбетов Зұлқаш Чапайды Жүргенов атындағы өнер институтының режиссерлер даярлайтын факультетіне шақырды. Институтты 1976 жылы бітіріп шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭𝙈𝙖𝙠𝙝𝙖𝙢𝙗𝙚𝙩 𝙩𝙚𝙖𝙩𝙧𝙮🎭 (@atyrau_mahambet_teatr)

1988 жылы "Қазақстанның еңбегі сіңірген өнер қайраткері" атағына ие болды. 1989 – 1991 жыл аралығында Москвадағы "Вахтангов" театрында режиссер Фоменконың класында өнерін жетілдірген. Осы жылдар аралығында Әуезов театрының шақыртуымен Жағановнның "Жан алқымда" және Самтаевтың "Жұлдызым менің жоғары" атты пьесаларын сахнаға даярлады.

12460
Кілт сөздер:
еңбек сіңірген қайраткер, актер, қазақстандық режиссер
Тақырып бойынша
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова өмірден озды
Алматыда Қасым Бегалин қайтыс болды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі қайтыс болды
Әнші Марат Омаровтың анасы қайтыс болды
Азамат Жылтыркөзов

"Чайковский.Online": Қазақстан мен Ресей әртістері халықаралық жобаға қатысады

129
(Жаңартылды 12:58 06.05.2020)
Композитор Петр Чайковскийдің туындыларын сүйіп тыңдайтындар онлайн-режимінде концерт көре алады. Концерттік бағдарламаға қазақстандық және ресейлік әртістер қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады. Жобаға Қазақстан мен Ресей әртістер қатысады. Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған концерт онлайн режимде өтеді. 

"Чайковский. Online" халықаралық жобасы аясында "Астана Опера" театрының әртістері өнер көрсетеді. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі, Қазақстандағы Ресей елшілігінің мен "Русское исполнительское искусство" қоры қолдау көрсетеді.

Скрипач Максим Венгеров
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Белгілі композитор Петр Чайковский шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады

Орыс романстарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әнші, баритон Азамат Жылтыркөзов орындайды.

"Биыл Петр Чайковскийдің 180 жылдық мерейтойы. Біз әріптестерімізбен бірге осы датаны атап өтуден тыс қалмадық. Мен концертте ұлы композитордың он романсын орындаймын. Тыңдарман "Растворил я окно", "То было раннею весной", "Благословляю вас, леса", "Нам звезды кроткие сияли" романстарын тыңдай алады", - деді әртіс.

Жобаға қатысушылар арасында "Астана Опера" опера труппасының бас концертмейстері, пианист  Елена Сахно, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Валерий Ворона, скрипкашы, дирижер, "Грэмми" премиясының екі мәрте лауреаты Максим Венгеров, Ресейдің халық әртісі, пианист, профессор Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, виолончелші Борис Андрианов қатысады.

Виолончелист Борис Андрианов
предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов

Концерттік бағдарламадан бөлек, театрдың репертуары 2019 жылы "Евгений Онегин" операсы енгенін атап өту керек.

"Чайковский. Online" концертінің премьерасы 7 мамыр күні сағат 20:00-де "Астана Операның" YouTube-каналында болады.

129
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді