Джеки Чан Сириядан құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильмді көрді видео

1024
(Жаңартылды 11:32 30.04.2019)
"Жусан" операциясы туралы ақпарат және фильмнің өзі Джекиге қатты әсер етті

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Танымал актер Джеки Чан Сириядан құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильмді көріп шықты. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram-да хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)

"Джеки Чанмен оның Қазақстанда жаңа фильмін түсіру жұмыстарын талқылай отырып, біз осы жылдың басында қазақстандық балаларды Сириядан құтқару мақсатында өткізілген "Жусан" арнайы операциясы туралы фильмді бірге көрдік. Операция туралы ақпарат және фильмнің өзі Джекиге қатты әсер етті, өйткені боевиктердің кейіпкері бұл мәселені бүге-шігесіне дейін біледі , - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Айта кетсек, "Жусан" операциясы аясында Сириядан 47 азамат елге оралған еді. Олардың дені, яғни 30-ы – 1-5 жас аралығындағы балалар. Осыған байланысты президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасады. Кейіннен депутаттар "Жусан" операциясы негізінде деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіруді ұсынды.

"Жусан" операциясының арқасында Сирияда жүрген 47 азамат елге оралды 

28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда Джеки Чанмен кездесті.  Актер алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.

1024
Кілт сөздер:
фильм, Сирия, Джеки Чан
Тақырып бойынша
Джеки Чан Димашты ерекше сыйлық беріп қуантты — сурет
"Сізді бүкіл әлем біледі" Назарбаев Джеки Чанмен кездесті – фото
Джеки Чан өз өміріндегі адам шошырлық жәйттарды жасырмай ақтарып салды
Желіде Джеки Чанның Ерлан Қаринге шәй құйып отырған видеосы жарияланды
Қарин Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Қытай Назарбаевты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады
Загрузка...