Экс-участник шоу Голос. Дети Ержан Максим

Ержан Максим облыс әкімінің қолынан сыйлық алды фото

1307
(Жаңартылды 17:05 02.05.2019)
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жас әншіні Мәскеудегі байқауға жіберуге көмектескен

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. "Голос.Дети" шоуының екінші орын иегері Ержан Максим Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің қолынан сыйлық алды.

Кездесуге жас әнші анасы Гүлмира Әлібекпен бірге келді. Баланың әкесі Ербол Науымовтың айтуынша, Көлгінов Ержанды қолдап, Мәскеуге сапарына демеуші табуға көмектескен.

Алтай Көлгінов шоу финалисіне домбыра сыйға тартып, өнерде сәттілік тіледі.
  

"Голос. Дети" жобасындағы дау

26 сәуірде Бірінші арнада "Голос. Дети" шоуының финалы көрсетілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.

Ресейлік әншілер "Голос. Дети" байқауы әділетсіз өткенін мәлімдеді 

Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтып жатыр.    

1307
Кілт сөздер:
сыйлық, Ержан Максим, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында алғаш рет ән айтты – видео
"Енді біз әріптеспіз" Алла Пугачева Ержан Максимге қандай ақыл айтты
"Голос. Дети" байқауындағы дау: министр Мұхамедиұлы пікір білдірді
"Бірінші орын алмағаным жақсы болды" Ержан Максим "Голос. Дети" жайлы пікір білдірді
Ержан Максим: Димаш ағама "спасибо" деп жіберіппін, ескерту жасады  
Тойларға шықпайды: Ержан Максимнің әкесі ұлының шоудан кейін не істейтінін айтты
Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты
Загрузка...