Димаш Құдайберген

НТВ телеарнасы Димаштың Мәскеудегі жеке концертін көрсетеді

261
(Жаңартылды 18:32 05.05.2019)
Концерттің телевизиялық нұсқасы үш сағатқа шақталған

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Ресейдің НТВ телеарнасы танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Кремль сарайында өткен үш сағаттық жеке концертін көрсетеді.

 Концерттің телевизиялық нұсқасын телеарна жексенбі, 12 мамырда көрсетеді. Айта кетейік, Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында құлақтандыру видеоролигін жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

 "Димаш 24 жасында Қытай мен Британияда танымалдылыққа ие бола отырып, халықаралық деңгейдегі жұлдызға айналып үлгерді. Көптеген беделді марапаттың иегері өзінің алғашқы жеке концертін Мәскеуде елдің бас сахнасы – Мемлекеттік Кремль сарайында берді! Миллиондаған адамды арбап алған бірегей дауыс иесін қолдауға ұстаздары мен достары ғана емес, Ресей халық әртісі Игорь Крутой да келді", - деп жазылған ресейлік телеарнаның сайтында.  

Димаш Құдайбергеннің суреті әлемдегі танымал журналдың мұқабасына шықты  

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Димаш Құдайберген өзінің алғашқы жеке концертін Кремль сарайында өткізді. Билеттер лезде сатылып кеткендіктен, әртіс жанкүйерлерін 23 наурыздағы екінші концертімен қуантты. Қазақстандық әншінің шығармашылық кешіне әлемнің 56 елінен жанкүйер жиналды.

 Димаш 2019 жылдың 7 маусымында "Муз-ТВ жүлдесінің" арнайы қонағы болады. Сонымен қатар, жас орындаушы 29 маусымда Қазақстанның астанасында өзінің жеке концертін өткізеді.  

261
Кілт сөздер:
концерт, Мәскеу, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген "Голос. Дети" финалына қатысты не ойлайтынын айтты
Ержан Максим: Димаш ағама "спасибо" деп жіберіппін, ескерту жасады  
Димаш бала кездегі фотоларымен тыңдармандарының көңілін елжіретті
"Такой сладкий" Димашты өзбек қыздары қаумалап алды – видео
Димаштың жаңа бейнебаянын жарты тәулік ішінде 150 мың адам тамашалады
Загрузка...