Мәдениет

Ержан Максим елордада алғашқы концертін береді

Жазылу
Концертте әнші Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген өнер көрсетпек

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. 28 маусымда қазақстандық жас әнші Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында жеке ән кешін береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"28 маусымда "Қазақстан" орталық концерт залында Ержан Максимнің концерті өтеді", - деді брифингте мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Жас дарынның шығармашылық кешін мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып жатыр.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим екінші орын алған "Голос. Дети" шоуы нәтижесінің күші жойылды

Концертте, сонымен қатар, әнші Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Ержан Максим қалай танылды?

12 жастағы оралдық әнші Ресейдегі "Голос. Дети" жобасына қатысып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген еді. Қазақстандық жас әнші финалда екінші орын иеленді. Бірінші орын әнші Алсудың 10 жасар қызы Микелла Абрамоваға бұйырған болатын. Алайда интернет қолданушылар финалдің әділ өтпегенін айтып, шу шығарған еді. Осыдан кейін Бірінші арна финал қорытындысын тексеріп, тіпті Group-IB халықаралық компаниясын тексеріске жұмылдырды.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим Микелла Абрамовамен дуэт болып ән айтты - видео

16 мамыр күні финалда дауыс беру кезеңіне сырттан ықпал болғаны анықталып, байқау нәтижесінің күші жойылды.

Бірінші арна хабарлағандай, 24 мамыр күні "Голос. Дети" байқауының финалы өтеді.

Жаңалықтар
0