Певец Димаш Кудайбергенов

Димаш Құдайберген Ержан Максимнің концертінде ән айта ма министрдің жауабы

612
12 жастағы қазақстандық жас дарынның жеке ән кеші 28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Димаш Құдайберген Ержан Максимнің концертіне қатыса ма, жоқ па деген сұраққа Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір мен асығыстық жасағым келмейді. Барлық келісімшартқа қол қойғаннан кейін, сенімді түрде айта аламыз. Бірақ, өздеріңіз де көріп отырсыздар, бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Біз Валерий Меладзеден өтінгенде, ол қуана-қуана келісті. Жас таланттарды қолдауға бағытталған осындай акциялар көбірек болса екен дейміз", - деді Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Тағы оқыңыз: Димаш мемлекеттік наградаға қашан ұсынылады?

Айта кетсек, 12 жастағы қазақстандық жас әнші Ержан Максимнің алғашқы үлкен концерті 28 маусымда астанадағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.
Ал 24 мамырда Максим "Голос. Дети" жобасының арнайы шығарылымына қатысады. Оған ресейлік шоудың барлық финалисі шақырылған.

"Голос. Дети" төңірегіндегі дау

Осы жылдың 26 сәуірінде Бірінші арнада "Голос. Дети" шоуының финалы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Алсудың 10 жасар қызы Микелла Абрамова 56,5% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финалдың әділ өтпегенін айтып, шу шығарған еді. Осыдан кейін Бірінші арна финал қорытындысын қайта тексеріп, тіпті Group-IB халықаралық компаниясын тексеріске тартты.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим мен Микелла Абрамованың дуэті - видео

Тексеріс нәтижесінде шоу кезінде дауыс беру кезеңіне сырттан ықпал болғаны анықталды. Осылайша байқау нәтижесінің күші жойылды. Енді 24 мамырда барлық финалистің қатысуымен "Голос.Дети" жобасының арнайы шығарылымы өтеді.

Жуырда желіде Ержан мен Микелланың студияда бірге ән айтып жатқаны түсірілген видео тарады.

612
Кілт сөздер:
министр, концерт, Ержан Максим, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті – желіде толық видеосы жарияланды
Танымал композитор Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды
Алсу қызымен бірге Ержан Максимнің концертіне келуі мүмкін
Қытайлар Димаштың суреті салынған "біртүрлі" фонтан орнатты - видео
"Не деген бас мынау?!" Димаштың сәби кезіндегі суреті жұрттың жүрегін елжіретті
Загрузка...