Мәдениет

"Оскарға" ұсынылған қазақстандық фильм Америкада прокатқа шығады

© "Анаға апарар жол" фильмінен алынған кадр"Анаға апарар жол" фильмінің кадрі
Анаға апарар жол фильмінің кадрі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі 24 мамырдан бастап АҚШ-та прокатқа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Қазақфильм", "Новый мир" және Sataifilm компаниялары бірлесе түсірген "Анаға апарар жол" АҚШ-тың бірнеше қаласында көрсетіледі. Қазақстандық кинотуынды Лос-Анджелес, Хартфорд, Хьюстон және Нэшвилл қалаларындағы көрерменге жол тартпақ.

Америкалық прокаттан кейін (90 күн өткен соң) бұл фильмді Netflix компаниясының стриминг-платформасы және VOD цифрлық таралымы арқылы тамашалауға болады, деп хабарлайды "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі.

© Photo : пресс-служба АО "Казахфильм" им. Ш.Айманова"Анаға апарар жол" фильмінің Алматыдағы премьерасы, Ақан Сатаев пен Әлия Назарбаева
Оскарға ұсынылған қазақстандық фильм Америкада прокатқа шығады  - Sputnik Қазақстан
"Анаға апарар жол" фильмінің Алматыдағы премьерасы, Ақан Сатаев пен Әлия Назарбаева

"Біздің фильмнің АҚШ кинотеатрларында көрсетілетіні продюсерлер, түсірілім тобымыз және мен үшін үлкен абырой. World Wide Motion Pictures Corporation компаниясы фильмімізден шынайылықты көріп, ондағы оқиға желісі әлемнің барлық аудиториясына түсінікті болатынына сенім білдіргеніне қуанып отырмын", - деді режиссер Ақан Сатаев.

"Анаға апарар жол" фильмінің АҚШ-тағы дистрибьюциясымен америкалық World Wide Motion Pictures Corporation компаниясы айналысады. 1977 жылы негізі қаланған бұл компания көркем, деректі, қысқаметражды фильмдерді және телевизиялық жобаларды қаржыландырып қана қоймай, оларды өндіріске жіберіп, тіпті прокатқа шығаруға көмектеседі. 

Тағы оқыңыз: Әлия Назарбаева мемлекеттік сыйлық берген әкесіне алғыс айтты

"Бірнеше ұрпақтың тарихын баяндайтын, "Оскар" премиясына ұсынылған терең драманы прокатқа шығару - біздің компания үшін үлкен мақтаныш. Америкалықтар, әсіресе, аналар қауымы жанға жылу сыйлайтын фильмдерді қуана көреді", - деді World Wide Motion Pictures Corporation компаниясының бас директоры Пол Хэнкок.

Еске сала кетсек, "Анаға апарар жол" фильмі "Үздік шетел фильмі" аталымында Қазақстан атынан "Оскар" және "Алтын глобус" премияларына ұсынылған болатын.

Тарихи кинотуындының бас продюсері - Әлия Назарбаева, режиссері - Ақан Сатаев. Фильмге еліміздің танымал актерлері Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов түскен. "Анаға апарар жол" қазақ отбасының 1930 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін бастан кешкен оқиғалары жайлы баяндайды.

© Photo : пресс-служба АО "Казахфильм" им. Ш.Айманова"Анаға апарар жол" фильмінің премьерасына келген актриса Аружан Жазылбекова
Оскарға ұсынылған қазақстандық фильм Америкада прокатқа шығады  - Sputnik Қазақстан
"Анаға апарар жол" фильмінің премьерасына келген актриса Аружан Жазылбекова

Фильмнің тұсаукесері 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде өтті. Ол сыншылардың оң бағасын алып, түрлі кинофестивальде жүлдеге ие болды. Халықаралық көрсетілімдері өткен.

Жаңалықтар
0